Жобалық офисінің «Заң және тәртіп» акциясы аясындағы қонақтық дәрісFarabi University

Жобалық офисінің «Заң және тәртіп» акциясы аясындағы қонақтық дәріс

20 қараша, 2025

2025 жылғы 20 қарашада Юридикалық факультетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының (Мақан Есболатов атындағы) докторанты, полиция подполковнигі Даетова Аида Асылбекқызының қатысуымен қонақ дәрісі өтті. Іс-шара сағат 13:00-де 301-аудиторияда 308 және 309 топтарының студенттері үшін өткізіліп, «Заң және тәртіп» жобалық кеңсесінің акциясы аясында ұйымдастырылды.

Дәрістің тақырыбы «Авиациялық оқиғалардың факторы ретінде сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің ұшу қауіпсіздігіне әсері» болды. Дәріс барысында спикер авиация саласына сыбайлас жемқорлық тәжірибелерінің ықпал ету тетіктерін жан-жақты түсіндіріп, ұшу қауіпсіздігінің бұзылуына әкелуі мүмкін негізгі қауіптер мен нақты жағдайларға тоқталды. Сондай-ақ авиациялық құрылымдар қызметінің айқындылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, авиациялық оқиғаларды тергеу ерекшеліктері, ұшу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттары және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік шаралары туралы сұрақтар қойды.

Осындай дәрістер болашақ заңгерлердің қоғамдық қауіпсіздікке төнетін кешенді қатерлерді терең түсінуіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді. Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін және заңға деген құрметін қалыптастырады.

Іс-шараны 129 ПК тобының кураторы — Сағалбаева Роза Ерғалиқызы ұйымдастырды. 

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы