АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ШАҚЫРУFarabi University

АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ШАҚЫРУ

24 қараша, 2025

Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан–Америка цитроматрицаны зерттеу орталығының салтанатты ашылу рәсіміне құрметпен шақырамыз. Іс-шара 2025 жылдың 27 қарашасында сағат 11:00-де Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71/19 мекенжайында, биология және биотехнология факультетінің зоология, гистология және цитология кафедрасының бірінші қабатындағы 1-аудиторияда өтеді.

Жаңа Орталық Peri-Nuc Labs LLP (Хьюстон, АҚШ) негізін қалаушысы және бас директоры, Baylor College of Medicine профессор-зерттеушісі, PhD Таттым Шайкеннің тікелей қатысуы және үйлестіруімен құрылды. Baylor College of Medicine — АҚШ-тағы жетекші медициналық зерттеу орталықтарының бірі.

Бұл Орталық заманауи биомедициналық зерттеулерді дамытуға, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің инновациялық тәсілдерін енгізуге, халықаралық ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты нығайтуға және жоғары білікті ғылыми-медициналық кадрларды даярлауды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сіздердің қатысуларыңыз біз үшін зор мәртебе болмақ. Сіздерді аталған іс-шараның құрметті қонақтары ретінде көргенімізге қуаныштымыз.

 

Құрметпен, Іс-шара модераторы,

Биология және биотехнология факультетінің деканы, 

профессор М. С. Курманбаева