«Климат өзгеруіне қарсы іс-қимыл»Farabi University

«Климат өзгеруіне қарсы іс-қимыл»

22 қараша, 2025

2025 ж. қарашаның 22 жұлдызында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары А.А Джанузакова мен Ә.К. Шаяхмет жетекшілігімен университеттің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Күніне арнап, «Климат өзгеруіне қарсы іс-қимыл» атты конференция өткізілді.

Ағылшын тілінде өткізілген іс-шарада белгілі цифрлық технологиялардың гуруы, «Мұғалімдерге арналған техникалық құралдар» сериясының авторы, Пичи басылымдарының авторы, Ник Пичи мырзаның «Климаттың өзгеруін жоққа шығарушы» интерактив презентациясын ағылшын тілін С1 деңгейінде оқитын студенттері Ә.Нақыпбек, А.Бабенова, Д.Айдаров, А.Жантөре, Ж.Қадырбай, Ж.Қадіржан, М.Асилтай, A.Ерланқызы, Ю.Мамедова, т.б. қызу талқылады. Қытай Халық Республикасынан келген B2 деңгейі студенттері Әріпжан Бағжан, Хуан Юйчжао, Әділбек Талант, Амантай Ақарыс өз презентацияларын ұсынды. Бүкіл бірінші курс Британ Кеңесінің тақырыпқа қатысты бірнеше видеоларына шолу жасап, өз пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар Біріккен Ұйымы 13-і тұрақты даму мақсатына арнап, өз қолдарымен жасалған постерлерін әкеліп, қолдау көрсетті.