ЭжБЖМ студенттерімен есірткі қылмыстары мен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық кездесу өттіFarabi University

ЭжБЖМ студенттерімен есірткі қылмыстары мен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық кездесу өтті

22 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Алматы қаласы Бостандық ауданы Полиция департаментінің полиция аға лейтенанты Шерим Дамирмен кездесу өтті.

2025 жылғы 21 қараша, жұма күні «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен бұл кездесуде құқық қорғау органының өкілі студенттерге ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп, есірткі қылмыстарының, әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық жауапкершілігі жөнінде кеңінен баяндады.

Сонымен қатар жастар арасында жиі кездесетін қауіп-қатерлер, құқыққа қайшы әрекеттерге тарту тәсілдері және жеке қауіпсіздік шаралары жайында ерекше атап өтті.

Студенттер талқыланған тақырыпқа жоғары қызығушылық танытып, құқықтық реттеу мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жеке және қоғамдық қауіпсіздікке саналы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді және бұл университеттің стратегиялық басымдықтарына, сондай-ақ ТМД 16-міндеттерімен үндеседі.