«Патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің заманауи көріністері»Farabi University

«Патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің заманауи көріністері»

20 қараша, 2025

2025 жылдың 20 қарашасында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы шетел филологиясы мамандығы бойынша оқитын үшінші курс студенттерімен «Патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің заманауи көріністері» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты студенттердің азаматтық жауапкершілік және оның қоғам дамуындағы рөлі туралы түсініктерін кеңейту болды. Ашық сағаттың басында студенттерге тарихи және қазіргі заманғы контекстегі патриотизм ұғымы таныстырылды, бүгінде патриотизм өзінің кәсіби қызметіне жауапкершілікпен қарауда, қоғамдық өмірге қатысуда, басқаларға қамқорлық жасауда және мәдени дәстүрлерді сақтауда да көрініс табатынын атап өтті. Содан кейін азаматтық жауапкершілік туралы пікірталас өтті. Студенттер қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық мүлікке құрметпен қарау және қоғамдық қызмет туралы талқылады, бір-бірімен ақпарат алмасты және біз мұны Kahoot, Tests және Jeopardy сияқты әртүрлі ойындарды өткізу арқылы нығайттық. Ашық сағат нәтижелі болды және студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шараның мақсаттарына қол жеткізілді: қатысушылар әрбір азаматтың қоғам дамуына қосқан жеке үлесінің маңыздылығын мойындады.

Ұйымдастырұшы: Таирова Г.А.