Студенттер «Баянсыз бақ» қойылымынан рухани әсер алдыFarabi University

Студенттер «Баянсыз бақ» қойылымынан рухани әсер алды

15 қараша, 2025

Қарашаның 15-нде Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің студенттері «Farabi CultureSte: Рухани даму» жобасы аясында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахналаған «Баянсыз бақ» драмасын тамашалады.

Қойылым көрерменді адам өміріндегі күрделі таңдаулар, өткінші сезімдер мен тағдырдың күтпеген бұрылыстары туралы терең ойға жетелейтін әсерлі туынды ретінде ұсынылды. Оқиға өріміндегі драматизм, кейіпкерлердің жан дүниесіндегі тартыстар мен шынайы сезімдер жастарға ерекше эмоциялық әсер сыйлады.

Шараның негізгі мақсаты – студенттердің театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру, олардың рухани әлемін байыту және классикалық шығарманы қазіргі көзқараспен қабылдауға мүмкіндік беру. Факультет студенттері қойылымнан үлкен әсер алып, театрдың тәрбиелік әрі эстетикалық құндылығын жоғары бағалады.

Сахнадағы әрбір көрініс, актерлердің кәсіби шеберлігі мен кейіпкерлер тағдыры студенттердің ықыласын аударып, терең сезімге бөледі. Қойылым аяқталған соң көрермендер театр ұжымына алғыс білдірді.