ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІFarabi University

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

24 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Филология факультеті, Шетел тілдері кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен және механика-математика факультетінің 1-ші курс студенттерінің қатысуымен "Тұрақты қалалар мен елді мекендер" атты Тұрақты даму мақсаттарының 11-ші мақсатына орай, "Қазіргі заманғы қалалардың экологиялық мәселелері" атты халықаралық іс-шара болып өтті. Іс-шара ағылшын және қазақ тілдерінде ұйымдастырылды. Білім алушылар іс-шара барысында әлемнің және еліміздің үлкен қалаларындағы экологиялық мәселелерді ағылшын тілінде талқылады. Іс-шараға механика-математика факультетінің 1-курс студенттерімен бірге шетелде оқып жатқан студенттер де онлайн қатысты. Іс-шараны Филология факультеті, Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Бекмашева Ботагөз Нығметқызы ашып, аталған тақырыптың өзектілігін айта келе, білім алушыларға сәттілік тіледі.

Бақтығалиев Алишер Франция елінің және аталған мемлекеттің Париж қаласының экологиялық мәселелеріне тоқталса, Еркінбек Жадыра Қытай Халық Республикасының және аталған мемлекеттің Гуанчжоу қаласының экологиялық мәселелеріне тоқталды. Іс-шара барысында механика-математика факультетінің "есептеу ғылымдары және статистика" мамандығының 1-курс студенті Әблек Дінмұхаммед "Үлкен қалалардың мәселелері: Алматы қаласы" атты тақырыпта ағылшын тілінде презентация қорғаса, аталған факультеттің "математика" мамандығының 1-курс студенті Мереке Закария "Экологиялық мәселелер: Астана қаласы" атты тақырыпта ағылшын тілінде презентация қорғады. "Актуарлық математика" мамандығының 1-курс студенті Мукамеди Нұрсая "Табиғи апаттар" атты өлеңді ағылшын тілінде мәнерлеп оқып, көпшілікті тамсандырса, "есептеу ғылымдары және статистика" мамандығының 1-курс студенті Рахатұлы Алинұр "Үлкен қалалардың экологиялық мәселелері " атты тақырыпта ағылшын тілінде монолог оқып, көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Қытай Халық Республикасынан келген білім алушылар "есептеу ғылымдары және статистика " мамандығының 1-курс студенттері Ерлан Елина және Нұрбай Ұлпа "Бейжіңнің экологиялық мәселелері" атты тақырыпта ағылшын тілінде презентация қорғады. Сонымен бірге білім алушылар табиғат, экология туралы Адильбаев Алмат (АКМ), Сағындық Абдыхалық (АКМ), Алжанбай Абылай (ЕҒЖС), Тәліп Аружан (ЕҒЖС), ағылшын-қазақ тілдерінде мақал-мәтелдер айтса, Мирзадәулет Алия (АКМ), Олжабай Аружан (АКМ), Қожахмет Дастан (АКМ) ағылшын-қазақ тілдерінде нақыл сөздер айтты.

Жүргізушілер Әблек Дінмұхаммед (ЕҒЖС) және Муратова Айша (ҚМ) Тұрақты даму мақсаттарының алға қойған әлемдік деңгейдегі экологиялық мәселелеріне тоқтала отырып, білім алушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойып, қызықты ақпараттармен бөлісіп, іс-шараны қызық әрі әсерлі түрде өте жоғары деңгейде жүргізді.

Іс-шара соңында Филология факультеті, Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Жубанова Куляш Хорезимқызы сөз сөйлеп, аталған іс-шараның өте жоғары деңгейде өткендігін айтып, білім алушыларға алғыс білдірді.

https://www.facebook.com/share/v/1Mad2pLEnf/