- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне арналған «Салықтық әкімшілендіру» пәні бойынша қонақ дәрісі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне арналған «Салықтық әкімшілендіру» пәні бойынша қонақ дәрісі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде 2025 жылдың 1–30 қарашасы аралығында академиялық мобильдік аясындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінен шақырылған оқытушының қашықтықтан оқыту форматы бойынша «Салықтық әкімшілендіру» пәнінен қонақ лекциялары өткізілуде.
Дәрістерді экономика ғылымдарының кандидаты, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті Экономика жоғары мектебінің «Банк ісі және салық салу» кафедрасының доценті Имаралиева Тамара Сабыровна жүргізеді. Ол студенттерге салықтық әкімшілендірудің заманауи тәсілдерін, Қырғыз Республикасының салық саясатының ерекшеліктерін, сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі салықтық рәсімдердің салыстырмалы талдауын ұсынды. Салықтық бақылауды цифрландыру, салықтарды әкімшілендіру тиімділігін арттыру және халықаралық салықтық комплаенс тәжірибелерінің мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
«Қаржы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері тақырыпқа жоғары қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысуда және жаһандық экономикалық өзгерістер жағдайында салық жүйесінің даму перспективалары бойынша өздерін толғанлырған сұрақтарды қоюда.
Осындай іс-шараларды өткізу білім алушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтуге, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті арасындағы халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Экономика және бизнес жоғары мектебінің басшылығы – декан Ермекова Ж.Ж., «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Сартова Р.Б., доцент Аппакова Г.Н. – әріптеске мазмұнды дәрісі үшін және алдағы бірлескен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.
Басқа жаңалықтар