Цифрлық экономика дәуіріндегі жаңа жұмыс орындары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Ә.Ж.Байелінің ұйымдастыруымен №17 жатақхана студенттерімен 25.11.25 күні ТДМ 8: «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» аясында «Цифрлық экономика дәуіріндегі жаңа жұмыс орындары» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шара Тұрақты Даму Мақсатының 8-ші бағыты – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» аясында ұйымдастырылып, студенттерге цифрлық экономиканың жаңа мүмкіндіктерін таныстыру, заманауи еңбек нарығындағы өзгерістер туралы ақпарат беру және болашақ кәсіби бағдарын айқындауға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Ұйымдастырушы Ә.Ж.Байелі Тұрақты Даму Мақсатының 8-ші бағытының мәні туралы кіріспе сөз сөйлеп, цифрлық экономиканың қазіргі әлемдегі рөлі мен оның еңбек нарығына әсерін атап өтті.
Студенттер тарапынан да келесі мәселелер бойынша мазмұнды ақпарат ұсынылды:
• Цифрлық экономиканың даму бағыттары;
• Заманауи еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар;
• Онлайн еңбек платформалары және қашықтан жұмыс істеу мүмкіндіктері;
• IT, маркетинг, деректер талдауы, креативті индустриялар сияқты салалардағы жаңа жұмыс орындары;
• Цифрлық дағдыларды меңгерудің маңыздылығы және кәсіби бәсекеге қабілеттілік.
Студенттер жаңа мамандықтар, фриланс мәдениеті, жасанды интеллектпен жұмыс істеу сияқты тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, белсенді пікір алмасты. Қатысушылар еңбек нарығына шығу жолдары мен өз қабілеттерін дамыту жөнінде тәжірибелік кеңестер алды.
Іс-шара соңында келесі ұсыныстар жасалды:
• Студенттерге цифрлық дағдыларды дамытуға арналған тренингтер өткізу;
• Жастарды онлайн курстар мен кәсіби платформаларға тарту;
• Университет пен жұмыс берушілер арасында цифрлық сала бойынша әріптестікті жақсарту;
• Жатақхана базасында IT-клуб немесе шағын жобалық топтар құру.
«Цифрлық экономика дәуіріндегі жаңа жұмыс орындары» атты іс-шара студенттер жатақханасында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Тұрақты Даму Мақсатының 8-ші бағыты бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыруға үлес қосты. Шара жастардың білімін кеңейтіп, болашақ еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді дұрыс түсінуге ықпал етті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Ә.Ж.Байелі
Басқа жаңалықтар