Farabi GreenCampus: Таза университет» экологиялық жастар форумы бойынша «ЖИ және жасыл болашақ» стартап-конкурсының 1-кезеңі өтті.Farabi University

Farabi GreenCampus: Таза университет» экологиялық жастар форумы бойынша «ЖИ және жасыл болашақ» стартап-конкурсының 1-кезеңі өтті.

24 қараша, 2025

24 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Farabi GreenCampus: Таза университет» экологиялық жастар форумы бойынша «ЖИ және жасыл болашақ» стартап-конкурсының 1-кезеңі өтті.

Іс-шараның мақсаты – жасанды интеллектті экологиялық бастамалармен ұштастыра отырып, жас зерттеушілер мен стартаперлерді жасыл технологиялар бағытындағы инновациялық шешімдер әзірлеуге ынталандыру.

Байқауға экология, цифрлық технологиялар және ЖИ саласын тоғыстырған 12 команда қатысты. Қатысушылар өз жобаларында университет аумағының экологиялық мониторингі, қалдықтарды басқару, ресурстарды тиімді пайдалану және жасанды интеллектті экологиялық процестерде қолдану сияқты өзекті мәселелерді көтерді.

Жеңімпаздар келесідей анықталды:
1-орын – «SmartEcoBox» стартап жобасы. Жоба авторы: Измайлов Нурдаулет
2-орын – «Farabi GreenCampus: Таза университет» стартап жобасы. Жоба авторлары: Кубирбай Бекболат, Тулепов Салауат, Ақансері Ерсағыл
3-орын – «AI EcoDrone» стартап жобасы. Жоба авторлары: Мұратқызы Жайна, Дауленхан Жанбота, Мұсылман Ақниет

Факультет басшылығы мен қазылар алқасы қатысушылардың жобалық ойлау деңгейін, инновациялық шешімдерді және жасанды интеллектті экологиялық процестерге енгізу әлеуетін жоғары бағалады.

Конкурс экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-тәжірибелік әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді.