ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым»Farabi University

ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым»

26 қараша, 2025

2025 жылы қарашаның 26-ші күні Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Акылова Г.С., Гайипова Г.А., Оразбаева А.С. және Ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс білім алушыларымен бірге Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде «21 ғасырдағы интернет: қоғамға пайдасы мен қауіпі» тақырыбында ағылшын тілінде пікірсайыс түрінде іс-шара халықаралық деңгейде өткізді.

Шетелдік қонақ ретінде Ақпараттық технологиялар факультетінің ағылшын бөлімінің 1 курс білім алушылар шақырылды.

Білім алушылар дебат барысында үш топқа бөлінді. Бірінші және екінші топ ұсынылған тақырыптар бойынша өздерінің ойларын айтып, интернеттің жағымды және жағымсыз жақтарын білдірді. Үшінші топ сұрақтар қойып, екі топтың өнерін бағалады, ал іс-шара соңында қатысушылардың дәлелдеріне объективті баға берді.

Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді. Нәтижесінде, интернет тақырыбы аясында өзекті мәселелер талқыға түсіп, қорытындыланды.

Іс-шара соңында дебатқа белсенді қатысқан білім алушылар сертификаттармен марапатталды.