Zhastarmen: жастардың ТДМ-16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» жүзеге асыруға қосқан үлесіFarabi University

Zhastarmen: жастардың ТДМ-16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» жүзеге асыруға қосқан үлесі

26 қараша, 2025

Zhastamen жобасының қалалықтарға арналған кең көлемді таныстырылымы прокуратура органдарының қолдауымен ұйымдастырылып, «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» атты Тұрақты даму мақсаты №16-ны ілгерілетуге бағытталған маңызды шара болды. «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері заңдылықты нығайтуға және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бастамаларын ұсынып, белсенді қатысу көрсетті. Жоба жастарды ашықтық, есептілік және қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды дамыту қағидаттарын ілгерілетуге тартудың заманауи тәсілдерін көрсетіп берді. Таныстырылым барысында құқықтық ақпараттың қолжетімділігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара ТДМ-16-ны қолдауға үлес қоса отырып, құқықтық тәртіпті нығайту мен азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру жолында маңызды қадам болды.