- Басты бет
- Жаңалықтар
- Солтүстік Батыс политехникалық университетінің студентттері қытайтану кафедрасында қонақта
Солтүстік Батыс политехникалық университетінің студентттері қытайтану кафедрасында қонақта
2025 жылдың 26 қараша күні ҚХР Сиань қаласының Солтүстік Батыс политехникалық университетінен келген студенттер мен Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының студенттері мәдени алмасу аясында бірлесіп сабаққа қатысты. Қытайдан келген профессор Цзяң Сюехуа мен Қытайтану кафедрасының оқытушысы Мұқатай Клара екі ел студенттеріне кезектесіп сабақ өтті. Сабақ барасында екі оқытушы өз елдеріндегі оқу жүйесімен және университеттерімен таныстырды. Тілден сабақ өту бойынша тәжірибе алмасты. Соңынан студенттер өз елдерінің мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырды. Екі ел студенттері бір-бірімен қызу араласып, түрлі тақырыптарды талқылады. Студент алмасу мәселесі, Қытайда немесе Қазақстанда оқу мүмкіндіктері мен жолдары, тәртібі мен талаптары туралы ақпараттармен алмасты. Бір-біріне көптеген сұрақтар қойды. Кездесу ерекше қызықты да қызу атмосферада өрбіді.

Басқа жаңалықтар