Халықаралық ынтымақтастық аясындағы маңызды кездесу
2025 жылы 24 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы «Тұрақты даму мақсаттарының» бағытын қамтитын №17 «Орнықты дамуға қол жеткізу құралдарын нығайту және орнықты даму мүддесінде жаһандық әріптестік тетіктерінің жұмысын жандандыру» әлеуметтік жобасы аясында және кафедраның 40 жылдық мерейтойына орай халықаралық ынтымақтастық аясында Ланжоу университетінің өкілдерімен және Конфуций институтының өкілдерімен, шетелдік студенттердің қатысуымен маңызды әрі өзекті кездесу өткізді. Бұл басқосу екі елдің білім беру саласындағы байланысын нығайтуға зор үлес қосты.
Жиында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі Айтбаева Бақыт Манатқызы құттықтау сөзінде кафедраның, факультеттің тарихымен, ғылыми, әдістемелік, тәрбиелік жұмыстарымен кеңінен таныстырып өтті. Кездесу барысында қатысушылар қызықты баяндамалар жасап, өз ойларымен бөлісті, сонымен бірге студенттер де өз сұрақтарына жауап алды, білім, ғылым саласындағы екі жақты әріптестік талқыланды. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін бірлескен жоспарлар жасалды.
Саденова А.Е.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру дайындығы факультеті
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының доценті
Басқа жаңалықтар