«Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша ашық сабақ
2025 жылы 21 қараша айында «Мемлекет және құқық теориясы» - заң ғылымдарының ішінде базалық, негізгі жалпы теориялық, құқықтық ғылым. Бірінші курс студенттері осы пән аясында заң ғылымының ұғымдық аппаратын белсенді меңгеріп, сабақтарда құқықтық құбылыстарды талдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастырады.
«Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша ашық семинар сабағы 1-курстың 125, 126, 135 топтарында өтті. Барлығы – 16 студент қатысты.
Сабақтың тақырыбы: «Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм».
Оқытушы: Ансатбаева Гүлнара Дүсенәліқызы.
Қатысқандар: заң ғылымдарының докторы, профессор – Ибраева А.С.
заң ғылымдарының кандидаты, доцент – Мынбатырова Н.К.

Сабақ өткізу әдістері:
- интерактивті әдістер – кейс шешу, мәселелерді талқылау;
- интерактивті кроссворд шешу;
- дебаттар;
- авторлық презентациялар.
Сөз сөйлегендер:
· Трубачева Елена – «Құқықтық сана және құқықтық мәдениет» тақырыбында авторлық презентация.
· Бекболат Камилла – интерактивті кроссворд дайындау.
· Астафьев Василий – «Халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру жолдары: құқықтық тәрбие мен құқықтық насихат» тақырыбында баяндама.
· Усерхан С., Аманжолова А. – «Құқықтық нигилизм: анықтамасы, түрлері, себептері» тақырыбында баяндама.
· Серик Ш. – «Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру жолдары» тақырыбында баяндама.
Кейс шешуге және ситуациялық-тапсырмаларды талдауға қатысқан студенттер:
Еркинғалиев Е. (126 т.), Серік Ш. (126 т.), Аманжолова А. (125 т.), Усерхан С. (125 т.), Цзян В. (125 т.), Ерназар А. (135 т.), Бекболат К. (135 т.), Қонақбаев А. (135 т.), Токтамыс Ш. (135 т.).
Заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева А.С. студенттердің дайындаған баяндамаларын талдап, кейстерді шешу бойынша практикалық кеңестер берді.
Соңында оқытушы Ансатбаева Г. сабақты қорытындылап, нәтижелерді атап өтті. Ашық сабақ талаптарға сай өтті.

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы