«Мөлдір махаббат» спектакліне мәдени сапар
2025 жылдың 18 қарашасында 4-ТДМ «Сапалы білім» аясында филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Тілеубаев Советхан Баяновичтің жетекшілігімен 7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс магистранттары М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахналаған Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» спектаклін тамашалады. Қойылымның режиссері – Ә. Рахимов.
Бұл мәдени іс-шара магистранттардың әдеби-танымдық көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, «Көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігі» пәнінің мазмұнымен тікелей сабақтасты. Театр қойылымындағы актерлердің сөйлеу мәнері, дауыс пен тыныс қолдану техникасы, пауза мен екпінге құрылған сөз құрылымы, эмоциялық реңкті жеткізу тәсілдері – пәнде қарастырылатын негізгі дағдылардың көрнекі үлгісі болды.
Спектакль барысында магистранттар актерлердің дикциясын, орфоэпиялық нормаларды сақтауы, сахналық қимыл мен сөздің үйлесуі, аудиториямен байланыс орнату әдістері сияқты кәсіби элементтерді бақылап, пәндік теорияны практикалық деңгейде талдауға мүмкіндік алды. Бұл олардың көпшілік алдында сенімді сөйлеу, мәтінді мәнерлеп жеткізу және эмоционалдық әсер қалыптастыру қабілеттерін жетілдіруге ықпал етті.
Қойылымнан кейінгі пікірталас барысында магистранттар шығарманың идеялық-көркемдік желісін талдап қана қоймай, актерлік шеберліктің шешендік өнермен өзара байланысын атап өтті.
Мәдени сапар магистранттардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, ұлттық әдеби мұраның сахналық интерпретациясын терең түсінуге және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар