Интернет- алаяқтықты жою – мемлекет мүддесіFarabi University

Интернет- алаяқтықты жою – мемлекет мүддесі

26 қараша, 2025

ТДМ-4 26 қараша 2025 жылы   ҚазҰу, Журналистика факультеті, Баспасөз және Электронды БАҚ кафедрасында «Интернет алаяқтықты жою – мемлекет мүддесі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – жастарды киберқауіптерден қорғау, ақпараттық сауаттылықты арттыру және интернет кеңістігіндегі алаяқтықтың алдын алу туралы түсіндіру болды.

Кездесу барысында қатысушыларға қазіргі таңда кең таралған онлайн-алаяқтық түрлері, олардан сақтану жолдары, жеке деректер қауіпсіздігі және құқықтық жауапкершілік мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, нақты мысалдар мен статистикалық мәліметтер ұсынылып, қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды.

Іс-шара жастардың цифрлық мәдениетін нығайтуға және қауіпсіз интернет ортасын қалыптастыруға бағытталды.