«Кітап – сарқылмас қазына»Farabi University

«Кітап – сарқылмас қазына»

27 қараша, 2025

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінде ТДМ 4 бағытында Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен Qasymkitap баспасының кітап жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ және әлем әдебиеті классиктерін университет студенттеріне кеңінен насихаттау, оқу мәдениетін жандандыру және жастардың рухани-танымдық қызығушылығын арттыру болды.

Жәрмеңке барысында студенттердің әдеби талғамында қазақ прозасының көрнекті өкілдері Д. Исабеков, М. Мағауин, Т. Әбдік шығармалары айрықша сұранысқа ие болғаны байқалды. Бұл туындылардың тарихи-танымдық, әлеуметтік-психологиялық және философиялық мазмұны жас оқырмандар назарын өзіндік ерекшелігімен тартты.

Сонымен қатар әлем әдебиетінің классикалық канонына енген Л. Толстой, И. Тургенев, В. Гюго шығармалары студенттер тарапынан кеңінен таңдалды. Аталған авторлардың шығармалары адам табиғаты, қоғам, моральдық құндылықтар туралы терең ой-толғамдары арқылы әдеби-эстетикалық талғамды қалыптастыруға ықпал ететіні анықталды.

Жалпы, жәрмеңке қазіргі студент жастардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығының артып отырғанын көрсетіп, білім алушылардың рухани-мәдени дамуындағы маңызды шара ретінде бағаланды.

Ұйымдастырушылар: Оспанова Г.Т., Мекебаева Л.А.