Шығыстану факультеті Ланьчжоу университетімен ынтымақтастықты нығайтты
2025 жылдың 24 қараша күні Ланьчжоу университетінің өкілдері — Жоғары білім институтының партия комитетінің хатшысы Чжао Чунхуй ханым, деканның орынбасары Луо Янгян мырза және профессор Гэн Леле Шығыстану факультетіне арнайы іссапармен келді.
Ланьчжоу қаласынан келген қонақтарды Шығыстану факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Канафьева Шынар Ерланқызы мен Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Фарида қарсы алды.
Кездесу барысында екі жоғары оқу орны арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, екіжақты студент алмасу, оқытушылардың біліктілігін арттыру, жазғы және қысқы мектептер ұйымдастыру, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ ғалымдардың ортақ ғылыми жарияланымдар дайындауы жөнінде нақты ұсыныстар айтылды. Келіссөздер достық әрі іскерлік жағдайда өтті.
Басқа жаңалықтар