- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Орманды сақтау үшін ағаш отырғызу жеткілікті ме, әлде орманды заң арқылы қорғау керек пе?» атты дебат
«Орманды сақтау үшін ағаш отырғызу жеткілікті ме, әлде орманды заң арқылы қорғау керек пе?» атты дебат
2025 жылдың 28 қарашасында Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Көксегенов Әлібектің жетекшілігімен «6В01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері ТДМ 15 – «Құрлық экожүйелерін сақтау» тақырыбында дебат өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық санасын қалыптастыру, орман ресурстарын тиімді қорғау жөніндегі көзқарастарын дамыту және ағаш отырғызу мен заңнамалық шаралардың рөліне қатысты ойландыру болды.
Дебат барысында қатысушылар орманның азаю себептерін, антропогендік факторлардың әсерін және экологиялық саясаттың тиімділігін талқылап, екі команда өз позицияларын ғылыми дәлелдермен қорғады.
Шара соңында студенттер орман экожүйелерін сақтау үшін кешенді тәсілдің қажеттілігін атап өтіп, экологиялық бастамалар бойынша ұсыныстар әзірледі.
Ұйымдастырушы: Тюркология және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Көксегенов Әлібек, «6В01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері.
Басқа жаңалықтар