Журналистика факультетінде жұмыс берушілермен бірлескен республикалық форум өтті.Farabi University

Журналистика факультетінде жұмыс берушілермен бірлескен республикалық форум өтті.

26 қараша, 2025

ТДМ-17 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде 26.11.2025 ж. 11:00-де жұмыс берушілермен бірлескен республикалық форум өтті. Журналистика факультетінде алғаш рет өткен форумға декан, филология ғылымдарының кандидаты Қанат Әуесбай бастамашы болды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілген бұл шара «Медиаиндустрия және білім беру серіктестігі: кадр даярлау мәселелері» тақырыбына арналды. Бұл форум жас журналистердің кәсіби өсуіне мүмкіндік беріп, университет пен жұмыс берушілер арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруді мақсат етті. Форум аясында өткен «Мамандықтар жәрмеңкесінде» 4-курс студенттері өздері жайлы түйіндеме мен сюжеттер дайындап, жұмыс берушілер назарына «жаңалықтар топтамасын» ұсынды. Дер кезінде монтаждалып ұсынылған ақпараттар жұмыс берушілердің де назарына ілікті. Тұңғыш рет өткізіліп отырған форумның жоғарғы деңгейде өтуіне бар күшін салған студенттер жетекші медиа мамандарымен тікелей тілдесіп, тағылымдама мен жұмыс мүмкіндіктеріне қатысты нақты ұсыныстар алды. Форум барысында журналистика саласындағы еңбек нарығының жаңа трендтері, университет пен медиа ұйымдар арасындағы серіктестікті күшейту, түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері және жаңа медиа дағдыларына қойылатын талаптар жан-жақты талқыланды. Факультет деканы, модератор Қанат Әуесбайұлы келген медиа басшыларын алғыс хатпен марапаттап, соңында тараптар оқу бағдарламаларын жаңарту мен кеңейту мәселелерін көтеріп, меморандумдарға қол қойды. Факультет тарихында тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл форум енді жыл сайын ұйымдастырылатын болады! Данаева Нұрлыайым Тұрсынбайқызы, PhD, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы, факультеттің жұмыс берушілер кеңесінің жетекшісі