Қытайдың Wenhui Daily делегациясы журналистика факультетімен кездесу өткіздіFarabi University

Қытайдың Wenhui Daily делегациясы журналистика факультетімен кездесу өткізді

28 қараша, 2025

 

ТДМ-17 Алматыға, Қытай елінің беделді Wenhui Daily басылымы делегациясы  ресми сапармен келді. Сапар аясында делегация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетімен кездесу өткізді.

Wenhui Daily – Қытайдың ең танымал және көне басылымдарының бірі, Shanghai United Media Group құрамына кіреді. Басылым «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы мәдени және гуманитарлық жобаларға белсенді қатысады.

Делегацияны Wenhui Daily  газетінің партия комитетінің хатшысы және бас редакторы  Мяо Кэгоу мырза бастап келді. Сонымен қатар делегация қатарында:

  • У Маолин – канцелярия директоры

  • Гу Ицюн – әлеуметтік және саяси жаңалықтар бөлімінің директоры

  • Лу Мэй – әдеби қосымша директоры

  • Цзинь Вэй – маңызды жаңалықтар бөлімінің бас редакторы бар.

Кездесуде тараптар медиа және коммуникация саласындағы серіктестік бағыттарын, соның ішінде журналистік білім беру, бірлескен ғылыми жобалар, студент және оқытушы алмасу, сондай-ақ ортақ мәдени және академиялық іс-шаралар ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады. ҚазҰУ журналистика факультетін делегацияны қабылдауға және сапарды ұйымдастыруға қолдау көрсетті. Кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, журналистік білім беру және зерттеу бағыттарын кеңейтуге мүмкіндік беретін маңызды шара болмақ.