Шетелдік студенттердің «Адал Ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы эссе байқауындағы халықаралық табысыFarabi University

Шетелдік студенттердің «Адал Ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы эссе байқауындағы халықаралық табысы

21 қараша, 2025

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоры «Адал Ұрпақ» жобасы аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік эссе байқауын ұйымдастырды. Байқау 2025 жылдың 1-21 қарашасы аралығында өтті.

Бұл шараға ЖОО дейінгі білім беру факультетінде қазақ тілін оқып жатқан жапониялық Акира Мацумото мен оңтүстік кореялық Чой Жей Хо да қатысты. Өз ана тілінде емес, қазақ тілінде эссе жазу олар үшін үлкен сынақ болса да, екі студент те жоғары нәтиже көрсетті.

Нәтижесінде, Акира Мацумото диплом мен 50 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды, ал Чой Жей Хо Алғыс хатпен марапатталды. Эсселерінде студенттер сыбайлас жемқорлықтың тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өзекті проблема екенін атап өтті. Аталмыш іс-шара ТДМ 4 «Сапалы білім» міндеттеріне сай келеді. Бұл бағытта студенттердің білімін арттыру мақсатымен конкурс ұымдастырып, олардың осы мәселе бойынша біәлімдерін тереңдетуіне ықпал етті.

 

Мусаева Г.А., Ешимов М.П.,

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру даярлау кафедрасының аға оқытушылары