«Әл-Фараби апталығы» – тұрақты дамудың нәтижесі ретіндеFarabi University

«Әл-Фараби апталығы» – тұрақты дамудың нәтижесі ретінде

7 қараша, 2025

2025 жыл университетімізде Адамзат өркениетінің ұлы тұлғасы, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай өткізілген «Әл-Фараби апталығы» аясында өткізілген байқауға Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің студенттері белсене қатысты. Аталаған байқау университеттің тұрақты даму мақсатының «Шетелдік студенттері ғылыми зерттеулерге ынталандыру: «Әл-Фараби әлемі» конференциясына баяндама дайындау тәжірибесі » атты бағытына сәйкес келеді.

          Апталық аясында студенттер тарапынан Әл-Фараби нақыл сөздерін жатқа оқып, арнайы постер әзірледі. Сонымен қатар «ЖИ және Әл-Фараби» тақырыбында жасанды интеллект арқылы ғалымның бейнесімен арнайы видео әзірленді. Фараби бабамыздың мұраларын шетелдік студенттерге кеңінен таныту, өзектілігін арттыру мақсатында жасалған апталық болашақта да ғылыми жұмыстарға белсене қатысуға ынталандырады деп сенеміз.

          Апталық соңында іс-шараға қатысқан барлық студенттер мен ғылыми жетекшілерге факультет деканы атынан жүлделі орындар мен арнайы сертикаттар табысталды. Еліміздің өркендеуінде, ұлттық мұраны ұлықтауда осы секілді мәдени іс-шаралар көбірек атқарылуы студенттердің қоғамдық өмірге тез бейімделуіне, тілдерді тез меңгеруіне, түрлі ұлт студенттерінің арасында ынтымақтастықты орнатуға зор септігін тигізеріне сенеміз.

 

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының оқытушысы,

 ғылыми жұмыстар бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары

Айгүл Асенова Халдарқызы