«Есте қалған үй» атты әдеби кешіFarabi University

«Есте қалған үй» атты әдеби кеші

27 қазан, 2025

2025 жылдың 27 қазанында филология факультетінде орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы меңгерушісі А.С. Демченконың  жетекшілігімен «Есте қалған үй» атты әдеби кеші өткізілді. Қонақтар арасында жазушы Юрий Серебрянский, үнді ақыны Соннет Мондал және аудармашы Антон Платонов болды. Бұл кеште А.С. Демченко және Ю. Серебрянскийдің қысқаша кіріспе сөздерінен кейін ақынның өлеңдерін автордың өзі де, кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттары да оқыды. Кешке қатысушылар ақынның шығармашылығы мен сүйікті тақырыбы – «Үй» концепті туралы әңгімесін қызығушылықпен тыңдады. Ақын шығармашылығына да, қоғамдық және жеке өміріне қатысты да түрлі сұрақтар қойылды. Әлеуметтік сауалнама интерактивті түрде (онлайн және офлайн) жүргізілді: «Үй» сіз үшін не? Ең қызықты және күтпеген жауаптар ортаға салынды. Кеште «Үйлер дауысы» слайд-шоуы, музыкалық интермедия «Естелік тынысы», хормен оқу, шырақ жағуы болды. Барлығы көз тартарлық, тәрбиелік мәні де зор болды. Орыс филологиясы 2 курс магистранттары А. Благодатская мен Ж. Айтжанова іс-шараны сәтті жүргізді.

Тәрбиелік мәні бар әдеби кештер мен дөңгелек үстелдерді өткізу және біздің студенттер, магистранттар, докторанттардың қатысуы университеттегі SDG (4) негізгі қағидаларын іске асыруға сәйкес келеді.

 

Орыс тілі кафедрасының оқытушылары

Филология және әлем әдебиеті:

                      А.Б. Тұманова, Н.Қ. Сәрсекеева, Р.Т. Қасымова