ЖИТС/АИТВ-қа жол жоқFarabi University

ЖИТС/АИТВ-қа жол жоқ

3 желтоқсан, 2025

Фундаменталды медицина кафедрасының оқытушылары — Хасидан М.К., Болатбек М.М. және Тарғынова А.Т. 25-01 (қаз) және 25-03 (орыс, стоматология) топтарының студенттерімен Тұрақты даму мақсаттары бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы “ЖИТС/АИТВ-қа жол жоқ” болды. Ол 1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай өткізілді.
Сабақ барысында оқытушылар АИТВ-ның жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары, ерте диагностикасы  және жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы толық ақпарат берді.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, кейін ақпараттық буклеттер мен түсіндіру материалдары басқа студенттерге таратып, олардың хабардарлығын арттыруға және салауатты орта қалыптастыруға үлес қосты.