ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ОҚЫТУШЫ ПРОФЕССОРЛАРЫНЫҢ ПІКІРІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Қазақстан Республикасының қазіргі қоғамдық-саяси даму жағдайында Мемлекет басшысының бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықпен тікелей байланыс орнатуы ерекше маңызға ие. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты – осы бағыттағы маңызды саяси оқиғалардың бірі. Бұл сұхбатта елдің ішкі саясаты, әлеуметтік-экономикалық реформалар, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тұрақтылық және мемлекеттік басқару мәселелері кеңінен қамтылды.
Сұхбат барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарына тоқталды. Президент реформалардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтіп, тұрақтылық пен заң үстемдігін басты құндылықтар ретінде көрсетті. Экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері сұхбаттың өзегіне айналды.
Сонымен қатар әлеуметтік салаға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерін жетілдірудің маңызын атап өтті. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты бағыты екені айтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты Қазақстанның қазіргі даму кезеңіндегі маңызды саяси құжаттардың бірі болып табылады. Сұхбатта көтерілген мәселелер ел болашағының дамуына негіз болады.
философия және саясаттану факультетінің доценті,
педагогика ғылымының кандидаты
ЖАҢА КЕЗЕҢ, ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАР

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты 2025 жылдың қорытындыларын саралап қана қоймай, еліміздің алдағы кезеңге арналған стратегиялық даму бағыттарын айқындаған маңызды саяси мәлімдеме болды. Бұл сұхбат өткен жылға жасалған кезекті талдау емес, Қазақстанның жаңғыруының жаңа кезеңіне аяқ басқанын айқын көрсететін мазмұнды ой-тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Соңғы жылдары елімізде әділетті, ашық әрі жауапты мемлекет қалыптастыруға бағытталған берік институционалдық негіз қаланды. Экономика тұрақты өсім көрсетіп келеді. Алайда Мемлекет басшысы сандық көрсеткіштермен шектелмей, дамудың сапасына, оның азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік тұрақтылыққа тигізер ықпалына ерекше назар аударды.
Сұхбатта салық реформасына айрықша мән берілді. Ол мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы жаңа қоғамдық келісімнің өзегі ретінде қарастырылды. Ашықтық, әділдік және ортақ жауапкершілік экономикалық саясаттың негізгі қағидаттарына айналуы тиіс. Салық төлеу мәжбүрлі міндет ретінде емес, ел дамуына қосылған саналы үлес ретінде қабылдануы қажет екені атап өтілді.
Сонымен қатар энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым салаларын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралар жылдар бойы жинақталған теңгерімсіздіктерді жоюға және тұрақты экономикалық модель қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі жетекші транзиттік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтып, көлік дәліздерін дамытып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруда.
Сұхбатта цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді. 2026 жылдың «Жасанды интеллектіні дамыту жылы» деп жариялануы мемлекеттің жаһандық технологиялық үдерістермен қатар қадам басуға деген стратегиялық ниетін айқын көрсетті. Білімге, деректерге, ғылымға және адами капиталға инвестиция салу болашақ дамудың басты ресурсы ретінде қарастырылуда.
Әлия Ақтымбаева,
география және табиғатты пайдалану
факультетінің деканы, доцент
ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
.jpeg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан жаңғыруының жаңа кезеңіне қадам басқаны жөніндегі саяси мәлімдемесі ел дамуының стратегиялық бағдарын айқындайтын маңызды тұжырымдамалық құжат болып табылады.
Бұл бастама мемлекеттің саяси жүйесін жаңарту, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саясатты жетілдіру және зияткерлік әлеуетті арттыру сияқты өзара тығыз байланысты бағыттарды кешенді түрде қамтиды. Мемлекет басшысы ұсынған жаңғыру тұжырымдамасы қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі реформалар жиынтығы болып табылады.
Аталған құжатта басқару мәдениетін жетілдіру, құқықтық мемлекетті нығайту және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Бұл өз кезегінде ғылыми білімнің, гуманитарлық зерттеулердің және сараптамалық ойдың рөлін күшейтеді. Президент ұсынған реформалар логикасы қоғамдық сананы жаңғырту мен білім беру саласының мазмұнын терең трансформациялауды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда жоғары білім мен ғылым ел дамуының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып отыр.
Қазақстан жаңғыруының жаңа кезеңі шығыстану бағыты үшін де айрықша мүмкіндіктер ашады. Біріншіден, бұл бастама Қазақстанның Азия кеңістігіндегі тарихи, мәдени және өркениеттік байланыстарын қайта пайымдауға ғылыми негіз қалыптастырады. Шығыстану саласы арқылы Орталық Азия, Таяу және Қиыр Шығыс елдерімен өзара ықпалдастықтың тарихи сабақтастығы мен қазіргі заманғы формаларын кешенді түрде зерттеу өзектене түседі. Мемлекет басшысының көпвекторлы сыртқы саясатты нығайту жөніндегі ұстанымы шығыстанулық зерттеулердің стратегиялық маңызын арттырады.
Екіншіден, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға басымдық берілуі шығыстану ғылымында жаңа әдіснамалық мүмкіндіктер туғызады. Сандық гуманитаристика, дереккөздерді цифрлық талдау, шығыс тілдеріндегі мәтіндермен жұмыс істеудің жаңа технологиялары осы бағыттағы зерттеулердің сапасын арттыруға жол ашады. Бұл әсіресе араб, парсы, қытай, түрік, корей, жапон, урду, пушту және басқа да шығыс тілдеріндегі жазба мұраларды қазіргі ғылыми талаптарға сай зерделеуге мүмкіндік береді.
Үшіншіден, Президент атап өткен адами капиталды дамыту идеясы шығыстану мамандарын даярлаудың мазмұнын жаңартуды талап етеді. Аймақтық зерттеулер, дінтану, мәдениетаралық коммуникация, шығыс қоғамдарының әлеуметтік және саяси трансформациясы сияқты бағыттар жаңа ғылыми парадигма аясында қарастырылуы тиіс. Бұл шығыстану саласын классикалық филологиялық немесе тарихи пән ретінде ғана емес, қазіргі заманғы қолданбалы әрі стратегиялық маңызы бар ғылым ретінде дамытуға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, Қазақстан жаңғыруының жаңа кезеңі туралы Президент бастамасы шығыстану бағытының ғылыми әлеуетін күшейтіп, оның ұлттық және халықаралық деңгейдегі маңызын арттырады. Бұл құжат шығыстануды елдің интеллектуалдық қауіпсіздігі мен өркениеттік дамуын қамтамасыз ететін маңызды ғылыми сала ретінде қайта пайымдауға негіз қалайды. Осы тұрғыдан алғанда аталған саяси бағдарлама шығыстану ғылымының мазмұнын тереңдетіп, оның әдіснамалық және институционалдық дамуына қуатты серпін береді.
Мырзахан ЕГЕМБЕРДИЕВ,
Шығыстану факультеті деканы
АШЫҚ ПОЗИЦИЯ ҚОҒАМ СЕНІМІН АРТТЫРАДЫ

Жыл басында «Turkistan» газетінде жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты қазіргі кезеңдегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындайтын маңызды материал деп есептеймін.
Сұхбатта көтерілген әлеуметтік-экономикалық даму, реформалардың жүйелі түрде жүзеге асырылуы, мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік мәселелері елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған нақты ұстанымдарды көрсетеді. Әсіресе қоғамдағы өзекті проблемаларға ашық әрі салмақты көзқарастың білдірілуі Мемлекет басшысының жағдайды терең түсінетінін аңғартады.
Сонымен қатар Президенттің ұстанымдары реформаларды жүйелі іске асыруға және азаматтар мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған. Мұндай нақты әрі ашық позиция қоғамда ұлттық даму басымдықтарына деген сенімді арттырып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Ардақ ҚАЛИОЛЛА,
Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАМУҒА БЕТ АЛҒАН ҚАЗАҚСТАН: БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАС ҰРПАҚ – ҰЛТТЫҚ ӨРЛЕУДІҢ ӨЗЕГІ

«Turkistan» газеті қоғамдық-саяси, ұлттық идеяға, мәдениет пен қоғам өміріне бағытталған ақпараттық басылым ретінде елдік мүддені көтерген мазмұнды материалдарымен ерекшеленіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басылымның бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына берген сұхбатта ел дамуының өзекті әрі стратегиялық маңызы бар мәселелері кеңінен қамтылды.
2025 жыл Қазақстан үшін халықаралық аренада белсенділік танытқан, мәдени, спорттық және экономикалық жетістіктерге толы кезең ретінде есте қалды. Өткен жыл барлық салада маңызды оқиғалар мен ірі бастамаларға толы болды.
Президент өз сұхбатында елдің экономикалық әлеуетін арттыру, егемендігін нығайту және халықаралық аренадағы орнын күшейту Қазақстан дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Осы бағытта қабылданған шешімдер үшін толық саяси жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеп, халықаралық деңгейдегі ықпалдастықты күшейтуге ерекше назар аударды.
Аталған бағыттағы нақты іс-шаралар, ең алдымен, білім және ғылым саласында көрініс тапты. Қазақстанда әлемнің жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып, академиялық мобильділік, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулер жүйелі түрде дами түсті. Бұл қадамдар адами капитал сапасын арттырып, елдің жаһандық білім кеңістігіне интеграциялануына ықпал етті.
Сонымен қатар экономикалық даму бағытында инвестициялық ахуалды жақсартуға, индустриялық-инновациялық жобаларды қолдауға, халықаралық қаржы және технологиялық серіктестікті кеңейтуге арналған жүйелі шаралар іске асырылды. Бұл бастамалар Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және халықаралық беделін нығайтуға бағытталды.
Фариза Сәрсекеева,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы
ЦИФРЛЫ СЕРПІН ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ТІРЕКТЕРІ: АГРОӨНДІРІС, ТРАНЗИТ, ТУРИЗМ

Биылғы 5 қаңтарда «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның алдағы даму күн тәртібін бір ғана саламен шектемей, өзара тығыз байланысты бірнеше стратегиялық басымдық арқылы айқындады. Экономиканы жаңғырту, өңірлік және жаһандық бәсекеде тиімді орын алу, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын нығайту осы сұхбаттың негізгі өзегіне айналды. Президенттің «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» деген тұжырымы ел дамуының бағыт-бағдарын айқын көрсетеді.
Президент 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауының мәнін нақтылай отырып, Қазақстанның «цифрлық державаға айналуы керек» екенін айтты. Бұл мақсатқа жету үшін елде бастапқы мүмкіндіктер барына тоқталды. Мәселен, мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы жетістіктер, IT-стартаптарды қолдайтын экожүйе және Astana Hub сияқты инновациялық кластердің жұмыс істеуі. Сұхбатта келтірілген нақты деректер бұл бағыттағы ілгерілеуді көрсетеді: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты шамамен 1 млрд АҚШ долларға жуықтаған, CryptoCity пилоттық аймағы құрылу үстінде, жасанды интеллект жөніндегі кеңес пен тиісті заң қабылданған, арнайы министрлік құрылған. Сонымен қатар Alem.Cloud және Al-Farabium суперкомпьютерлерінің іске қосылғаны айтылды. Мұның бәрі цифрландыруды ұран деңгейінде қалдырмай, институттық негізге көшіру қадамы ретінде көрінеді.
Сауда және логистика мәселесінде Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуеті геосаяси бәсекенің маңызды бөлігіне айналғанын ашық айтты. Көлік-логистика тақырыбы бүгінде жоғары деңгейдегі халықаралық келіссөздердің тұрақты күн тәртібіне енген. Қазақстан аумағы арқылы өтетін 12 халықаралық көлік дәлізі (5 теміржол және 7 автокөлік) Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүктің шамамен 85 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Президент «Бір белдеу – бір жол», «Солтүстік – Оңтүстік» және Транскаспий бағыты – Орта дәлізді дамытуға Қазақстанның белсенді қатысатынын, сондай-ақ Орта дәліздің жұмысына Қытайдың қосылуын құптайтынын атап өтті. Демек, дәліздер бәсекесінде Қазақстан үшін жылдамдық, болжамдылық, рәсімдердің тиімділігі шешуші артықшылыққа айналуы тиіс.
сұхбаттың елеулі бөлігі агроөнеркәсіп кешеніне арналды. Президент ауыл шаруашылығына көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаудың нақты көлемін келтірді: 2024 жылы шаруаларға 580 млрд теңге, ал 2025 жылы 1 трлн теңге жеңілдетілген несие берілген. Алайда қаржы көлемінің ұлғаюы автоматты түрде тиімділікке әкелмейтінін атап өтіп, қолдаудың қайтарымы мен әділ бөлінуін күшейту қажеттігін баса айтты. Соңғы жылдары астық пен ұн экспорты рекордтық деңгейге жеткенімен, ендігі кезекте ауыл шаруашылығын әртараптандырып, әсіресе мал шаруашылығын дамыту маңызды екені айтылды. Бұл жерде кооперацияны дамытуға қайта оралу бастамасы ерекше: кооперативтер еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттырып, нарыққа жақындауға мүмкіндік береді деген пікір білдірілді. Қасым-Жомарт Кемелұлы туризмді «экономика, мәдениет, қауіпсіздік және бизнес тоғысатын күрделі сала» деп бағалап, кәсібилік пен жауапкершілік қажет екеніне тоқталды.
Қазақстанның жаңғыруы – жекелеген науқан емес, басқару сапасын көтеретін жүйелі өзгеріс. Цифрландыру мен жасанды интеллект мемлекеттік қызметтен бастап, экономиканың секторларына дейін өнімділікті арттыруға бағытталса, көлік-логистика дәліздер бәсекесінде елдің стратегиялық орнын күшейтеді. Ал ауыл шаруашылығы мен туризмде басты өлшем – бөлінген ресурстың тиімділігі, кадр және басқару мәдениеті. Су инфрақұрылымы мен ресурс үнемі болса, әлеуметтік тұрақтылық пен ұзақ мерзімді қауіпсіздіктің берік іргетасы болмақ.
Әлім МЫЛҚАЙДАРОВ,
география ғылымының кандидаты, География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушысы
ЖАҢҒЫРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ МАҢЫЗЫ
.png)
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты мақаласы ел дамуының алдағы стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды саяси мәні бар құжат болып табылады. Бұл мақалада мемлекет дамуының жаңа кезеңінде адами капиталдың шешуші рөл атқаратыны айқын көрсетілген.
Жоғары оқу орнында қызмет ететін оқытушы ретінде аталған еңбекте адами капиталдың сапасына қойылатын талаптардың айтарлықтай артқанын анық байқауға болады. Қазіргі таңда ел дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, білім мазмұнының тереңдігімен, ойлау мәдениетінің деңгейімен және кәсіби жауапкершілікке негізделген кадрлар әлеуетімен өлшенетіні атап өтіледі.
Білім беру жүйесі қоғамның зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын негізгі тірек болып қала береді. Осыған байланысты Президент айқындаған жаңғыру бағыты жоғары оқу орындарынан формалды оқыту шеңберімен шектелмей, сапалы білім беруге, сыни ойлауды дамытуға және академиялық адалдық қағидаттарын берік ұстануға негізделген даярлықты талап етеді.
Сонымен қатар қазіргі кезеңде жоғары оқу орны оқытушысының рөлі де түбегейлі өзгеруде. Оқытушы енді тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамдық сананың қалыптасуына ықпал ететін, кәсіби және азаматтық жауапкершілігі жоғары тұлға ретінде танылады. Ұсынылып отырған реформалардың нәтижелі жүзеге асуы білім беру саласындағы нақты мазмұндық және құрылымдық өзгерістерге тікелей байланысты.
Осы тұрғыдан алғанда Президент мақаласы жоғары білім беру жүйесі үшін болашаққа бағдар беретін маңызды стратегиялық құжат деп есептеймін.
Гаухар ҚАЙРАНБАЕВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің оқытушысы
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫН ТАҢДАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел дамуының жаңа тарихи белесіне қадам басқанын мәлімдеді. Бұл – уақыт талабынан туындаған, қоғамның сұранысына негізделген және мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесіне бағытталған стратегиялық шешім.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін басты мақсат – әділетті, тиімді әрі жауапты мемлекет қалыптастыру. Президент өз сөзінде жаңғырудың мәні тек құрылымдық өзгерістерде емес, ең алдымен мемлекеттік басқару мәдениетін өзгерту, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін нақты қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету екенін ерекше атап өтті.
Жаңа кезеңде саяси реформалар жүйелі түрде жалғасады, заң үстемдігі мен ашықтық қағидаттары күшейтіліп, экономиканы әртараптандыру арқылы тұрақты өсімге қол жеткізу көзделеді. Бұған қосымша, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту басты назарда болады. Халықтың әл-ауқатын арттыру, білім мен денсаулық сақтау саласын дамыту негізгі басымдыққа айналады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау ел дамуының берік іргетасы екеніне тоқталды. Әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамауы, жауапкершілік пен адал еңбекті басты құндылыққа айналдыруы – жаңғырудың табысты болуының кепілі.
Бұл бастама – тек бүгінгі буын үшін емес, келешек ұрпаққа тұрақты, әділетті әрі қуатты Қазақстанды аманаттау жолындағы маңызды қадам. Қазіргі өзгерістер уақытша науқан емес, елді жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағытталған терең реформалар екені анық.
Қазақстан жаңғыру жолын таңдады. Бұл жол – қиындыққа қарамастан, алға бастайтын, жауапкершілік пен бірлікті талап ететін жол.
Нұрхалық АБДЫРАҚЫН,
Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD
ЕЛІМІЗДІҢ БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАҒАН СҰХБАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына берген көлемді сұхбатын бір деммен оқып шықтым. Еліміздің бүгіні мен ертеңіне терең талдау жасаған, әлемдік мәселелерге өзінің көзқарасын білдірген көшбасшымен диалог өте тамаша өрбіген.
Бізді бір қуантқаны – ел билігіндегі бірінші тұлғаның қазақтілді басылымдарға сұхбат беруді дәстүрге айналдырып, титулды ұлттың мерейін асырып, беделін үстем етіп келе жатқаны. Тақырыптық тұрғыдан терең әзірленген сұхбатта ел дамуына қатысты негізгі бағыттардың барлығы қамтылған: әлеуметтік-саяси және конституциялық реформалардың қолға алыну барысы, энергетикалық жағдайымыз, инженерлік саладағы жаңғыруымыз, транзиттік дәліздердің әлеуеті, көлік-логистика сияқты көптеген мәселелер.
«Қоғамымыз елең етерлік жаңалық оқып, бейнежазба көрумен шектелмей, мән-мағынасы терең ақпараттың да қадірін білгені дұрыс деп санаймын. Көптеген жастарымыздың да дәл солай ойлайтынына қуанамын. Себебі олар адамды тығырыққа тірейтін елес-қиял әлемінде өмір сүруді емес, нағыз білім-ғылым жолына түсуді мақсат тұтады. Оқу мәдениеті жоғары елдер әрдайым жаһандық дамудың алғы шебінде бола беретіні сөзсіз», – дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Рас, визуалды әлемге тәуелділігі артып, сторис, рилс, шорс сияқты қысқа аудио-бейне ақпараттарға ғана қызығып, мәні терең көлемді мәтіндерден алшақтаған буынның интеллектуалды қабілеті әлсірейді. Президентіміз жасанды зердені мықты меңгерген цифрлық державалардың потенциалын үлгі етіп, оның игілігін мемлекетті басқару жүйесінде, қаржылық операцияларды атқаруда, әлеуметтік әділдікті орнатуда жемқорлыққа қарсы сүзгі ретінде пайдалану артықшылығын атай келіп, оның боданына түсіп қалмауды да ескертеді. Сана тәуелсіздігі бәрінен қымбат.
Мемлекет басшысы қазіргі ел жағдайына байыпты сараптама жасап, оң мен солымызды дұрыс барлайды. «Мысалы, экономикамыз 6 пайыздан астам өсті. Ішкі жалпы өнім 300 миллиард доллар межесіне жетіп, жан басына шаққанда 15 мың доллардан асты. Бұл – елімізбен қатар, бүкіл өңір үшін рекордтық көрсеткіш. Жалпы, ойдағыдай жұмыс істелді деуге болады. Бірақ мен барлық мемлекеттік қызметшілерге тоқмейілсіп, масайрап отыруға мүлде болмайтынын үнемі айтамын», – дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Барлық жетістігімізді жіпке тізе келіп, инфляциялық өсімнің жоғары болып тұрғанын да жасырмайды.
Қазақстан – әлемнің бір бөлігі. Басқа елдерде орын алып жатқан баға өзгерісі мен салық саясаты бізді айналып өтпейді. Жанармайдың қымбаттауы, коммуналдық төлемдердің өсуі, фармацевтикалық өнімдерге сұраныстың артуы сияқты тұрмыстық қажеттіліктер батыс пен шығысты бірдей алаңдатып отырғаны мәлім. Президент елімізде қосымша құн салығының өскенін айта келіп: «Түптеп келгенде, салық төлеу дегеніміз – заманауи қоғамдық келісімшарт деген сөз. Салық төлесеңіз – қызмет көрсетіледі, инфрақұрылым салынады, қауіпсіз орта қалыптасады, тың мүмкіндіктер пайда болады. Керек десеңіз, бұл – әділдік болу үшін жүктемені қайта бөлу құралы, әлеуметтік тұрғыдан әлсіздерді қолдау және экономикалық тұрғыдан «белсенді ортаны» одан әрі дамыту тәсілі», – дейді. Бұл мәселеде әлеуметтік аз қамтылған топтар үшін жеңілдік қарастырылғанын да тілге тиек етеді.
Сұхбатта отандық туризмді дамыту жолдары, «Таза Қазақстан» акциясының жалғаса беретіні жайлы, әсіресе Абай Құнанбайұлының «толық адам» концепциясының идеологиялық ықпалы хақында жан-жақты тәспірленеді. Тіпті мәтінде кездесетін әріп қатесіне дейін айтылады.
Қоғам мүшелерін заң мен тәртіпке бағынып, популистік мәлімдемелерге әуестене бермей, еліміздің өркендеуі жолында жұдырықтай жұмылуға шақырған сұхбатты оқып шығуға кеңес беремін.
Ынтымағымыз жарасып, төрт құбыламыз түгел, келешегіміз кемел болсын, ағайын!
Бекжан Әшірбаев,
журналистика факультетінің аға оқытушысы
СҰХБАТТА ЕЛДЕГІ ЕҢ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ЖАУАП БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіндегі сұхбатын оқып шықтым. Онда отыздың үстіндегі тақырыптар мен сауалдар көтерілген. Әңгіме бағдарламалық сұхбат, яғни Мемлекет басшының жаңа жылдағы елдегі ең күрделі мәселелерге деген жауабы.
Ең құптарлығы – Президент жыл сайын жаңа жылда қазақтілді баспасөзге сұхбат береді, яғни жыл сайын дәстүр болып келеді. Бұл да емеурін...
Мен үшін ең ұнағаны – еліміздегі цифрландыру мәселесі. Онда: «Мен осы жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияладым. Бұл еліміз үшін тарихи мүмкіндік екенін жаңа ғана айтып өттік. Түбегейлі цифрлық өзгерістер жасап, жасанды интеллектіні енгізу экономиканың және басқа да көптеген саланың дамуына тың серпін береді. Мемлекетті басқарудан бастап, білім беру және денсаулық сақтау саласына дейін – барлық бағытта өсіп-өркендеуге жол ашады», – дейді Президент.
Меніңше, цифр – техникалық сала емес, ел дамуының күретамыр тетігі деуге болар. Керек десеңіз, жемқорлықтың да жолын кесетін құрал. Қалай болғанда да, бүкіл әлем қауымдастығында біздің еліміздің арманы: «бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, қалан!»
Екіншісі – тазалық туралы. Сұхбатта: «Мен осы жалпыхалықтық қозғалысты айрықша маңызды идеологиялық акция деп санаймын. Өйткені тазалық дегеніміз – мағынасы терең, мазмұны сан қырлы ұғым. Тазалық ұғымы жан дүниенің де, жер дүниенің де тоқырауын емес, гүлденуін, кіршіксіз таза болуын білдіреді. Түптеп келгенде, тазалық ұлт болмысының өзегіне айналуға тиіс», – делінген.
Мемлекет басшысы дұрыс айтады, бұл жай тазалық емес, оның айналасында көп мән-мағына жатыр.
Иманбай ЖҰБАЙ,
журналистика факультетінің аға оқытушысы
ДАМУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында елдің алдағы даму бағыты мен стратегиялық басымдықтары айқын көрініс тапқан. Президент: «Біздің алдымызда асқақ мақсаттар мен нақты іс-қимыл жоспары тұр. 2026 жылы Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне өтеді», – деп атап өтті. Бұл тұжырым мемлекеттің дамуы жүйелі түрде, алдын ала жоспарланған әрі дәйекті негізде жүзеге асатынын аңғартады.
Жаңғыру – үздіксіз дамудың заңды жалғасы. Жаңа кезең бұрын қол жеткізілген жетістіктерді сақтай отырып, уақыт талабына сай өзгерістер енгізуге бағытталады. Мұндай сабақтастық елдегі тұрақтылықты нығайтып, біртіндеп әрі орнықты ілгерілеуге жол ашады.
Сұхбатта алдағы міндеттер мен негізгі бағыттардың нақты айқындалуы стратегиялық көзқарас пен ұзақ мерзімді жоспарлаудың маңызын көрсетеді. Мемлекет саясатының жоспарлылығы мен өзгермелі жағдайларға бейімделу қабілеті ел дамуының басты кепілі ретінде айқындалады. Жаңғырудың жаңа кезеңі ең алдымен азаматтардың тұрмыс сапасын арттырумен тығыз байланысты. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, еңбек белсенділігін күшейту, білім беру мен инновацияны дамыту әлеуметтік маңызы зор басымдықтар ретінде белгіленген.
Президент елдің табысты болашағы қоғамдағы бірлікке, өзара сенім мен ортақ жауапкершілікке негізделген бірлескен еңбектің нәтижесі екенін атап өтеді. Әрбір бастама мен қабылданған шешім елдің тұрақты дамуына және халықтың игілігіне қызмет етуі тиіс.
Білімге сүйенген шешімдер, жоғары жауапкершілік және келешекке деген сенім Қазақстанның жаңғыру жолындағы негізгі тіректер болып қала береді. Ал 2026 жыл ел дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды кезең болмақ.
Гүлбану Жақсылықова,
химия және химиялық технология факультеті деканының
әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, доцент
МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ – ТЕРЕҢ ОЙ МЕН САПАЛЫ АҚПАРАТТЫҢ ТІРЕГІ

Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп бекер айтпаған. Қоғамның тыныс-тіршілігін айқын көрсетіп, елдің ой-санасын қалыптастыруда мерзімді баспасөздің орны қашанда ерекше. Осы ұстанымды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдап, «Turkistan» газетіне берген сұхбатында газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұрғанын атап өтті.
Менің ойымша, Мемлекет басшысының бұл пікірі қазіргі ақпараттық кеңістіктегі маңызды мәселені дөп басып отыр. Газет-журналдар қоғамды тек жаңалықпен қамтамасыз ететін құрал ғана емес, ой қалыптастыратын, талдау жасауға үйрететін рухани мектеп іспетті. Президент атап өткендей, дәстүрлі баспасөзде көтерілетін тақырыптар үстірт емес, мән-мағынасы терең. Ал бұл оқырманның сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
«Өз басым мерзімді баспасөзді жас кезімнен үзбей оқитыным рас. Әлі күнге дейін осы әдетімнен жаңылған емеспін. Қазіргі таңда баспасөз заман талабына бейімделіп, ақпарат айдынынан өз орнын тауып отыр. Газет тілшілері жан-жақты шолулар мен терең сараптамалар жасауға баса мән береді, ағартушылықпен айналысады. Кәсіби әрі өз ісіне адал журналистер сапалы материалдар әзірлеп, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға елеулі үлес қосып келеді. Мен сүйікті Отанымыздың игілігі үшін барлық салада табысты еңбек етіп жүрген мықты азаматтар туралы мәліметтерді көбінесе газеттерден аламын. Ел ішіне кең таралған TikTok, Instagram немесе Telegram арналары еңбек адамдарының шынайы тыныс-тіршілігінен алыс екенін өзіңіз де жақсы білетін шығарсыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазіргі таңда әлеуметтік желілер ақпаратты жылдам таратқанымен, онда эмоция мен әсерге құрылған, шынайы өмірден алшақ контенттің көп екені рас. Ал мерзімді баспасөз еңбек адамының болмысын, қоғамдағы нақты үдерістерді көрсетіп, ұлттық құндылықтарды сақтауға қызмет етеді. Сондықтан газет-журналдардың қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұруы заңды құбылыс. Оқу мәдениетін дамыту, сапалы ақпаратты тұтыну арқылы ғана зияткерлік ұлт қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда Президенттің баспасөзге берген бағасы қоғам үшін маңызды бағдар деп есептеймін.
Досжан Балабекұлы,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Философия кафедрасының доцент міндетін атқарушы
ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ НЫҚ ҚАДАМ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетінде жарияланған «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты ел дамуының қазіргі бағытын айқындайтын маңызды саяси мазмұнға ие.
Сұхбатта Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан реформалардың жүйелілігін, әділетті қоғам құру мен заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызын атап өтеді. Жаңғырудың экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларды қатар қамтуы елдің тұрақты дамуына негіз болатыны көрсетіледі. Әсіресе әділетті қоғам құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне баса назар аударылуы бүгінгі таңда құптарлық жайт. Сонымен бірге ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, заманауи талаптарға бейімделу қажеттігіне назар аударады. Президенттің көзқарасы Қазақстанның жаңа кезеңге нық әрі жауапты қадам жасағанын аңғартады. Аталған сұхбат ел болашағына деген сенімді нығайтып, қоғамды ортақ мақсат жолында біріктіруге бағытталған маңызды ой-тұжырымдарды қамтиды.
Гүлжан ЖАНАТАЕВА
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы
кафедрасының аға оқытушысы
ЖИ ҚОЛДАНУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Бүгінгі Қазақстанның даму жолы туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбаты халқымыздың алдындағы басты сын-қатерлерді ашық талқылап, нақты мақсаттарды айқындаған маңызды пікірталас болды.
Мемлекет басшысы Қазақстанды цифрлық державаға айналдыру, жасанды интеллектіні барлық салаға енгізу еліміздің өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуына бағытталған стратегиялық қадамдар екенін атап өтті. Ақпараттық технологиялар саласының қызметкері ретінде мен бұл бастамаларды толық қолдаймын. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдану – заман талабына сай қадам ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, білім беру, денсаулық сақтау, бизнес және қызмет көрсету салаларында сапалы өзгерістерге жол ашатын маңызды бағыт. Бұл үдерістер ашықтық пен әділеттілікті нығайтып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Президент ұсынған осы басымдықтар еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жастарға жаңа мүмкіндіктер беріп, Қазақстанның тұрақты дамуына берік негіз қалайды деп сенемін.
Айгерім САМЕТОВА
Ақпараттық технологиялар және
жасанды интеллект факультетінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
ӘДІЛДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖОЛЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбаты Президенттің ел дамуына қатысты ұстанымын айқын көрсететін бағдарламалық сипаттағы құжат деуге болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі кезеңдегі негізгі реформаларды популизмге емес, нақты есеп пен ұзақ мерзімді нәтижеге негіздеп жүргізу қажет екенін ашық айтты. Президенттің күрделі мәселелерді жасырмай, оларды қоғаммен тікелей талқылауға дайын екені аса маңызды.
Экономика, салық саясаты, инфляция, тарифтер және инфрақұрылым мәселелерінде Тоқаев «ауыр, бірақ қажетті шешімдерден» қашпау керектігін баса көрсетеді. Бұл – қысқа мерзімді ұнамды әсерден гөрі, мемлекеттің тұрақты дамуын көздейтін прагматикалық көзқарас. Әлеуметтік әділдік ұғымы сұхбат бойы негізгі өзек ретінде көрінеді: мемлекет шын мәнінде мұқтаж азаматтарды қолдауы тиіс, ал жасырын субсидиялар мен теңсіздікке жол берілмеуі қажет.
Ауыл шаруашылығы, туризм және бизнес туралы ойларынан Президенттің қаржы бөлу ғана емес, жүйенің тиімділігін арттыруды басты мақсат етіп отырғаны аңғарылады. Кооперация, жауапты кәсіпкерлік, отаншыл ұлттық буржуазия қалыптастыру идеялары – осының дәлелі.
Жасанды интеллект, цифрландыру және атом энергетикасы жөніндегі тұжырымдар Қазақстанды шикізатқа тәуелді ел деңгейінен технологиялық мемлекетке көшіруге бағытталған стратегиялық ойлауды көрсетеді. Бұл бағыттар елдің болашағын айқындайтын ұзақ мерзімді басымдық ретінде ұсынылады. Бұл сұхбат Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі саяси-философиялық бағытын айқындауымен аса маңызды.
Нұртәліп ШӘРІПҚАЗЫ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы
ГАЗЕТ-ЖУРНАЛДАР ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНДЕ НЕ ІСТЕЙ АЛАДЫ?
Бүгін Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында ұлттық баспасөздің қоғамдағы орны мен жауапкершілігіне айрықша тоқталды. Президент сұхбатында: «Turkistan» газеті 30 жылдан бері тұрақты шығып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең ықпалды басылымның бірі» деп атап өтті.
Газет редакциясында еңбек еткен қызметкер ретінде Мемлекет басшысының бұл бағасын үлкен ризашылықпен қабылдадық. Себебі «Turkistan» газеті жылдар бойы ұлт мүддесін қорғап, қоғамдағы өзекті мәселелерді батыл көтеріп, терең тарқатып жазып келеді. Газетті сақтауға, дамытуға, таралымын арттыруға үлес қосқан азаматтар мен қаламгерлер ортамызда жүр.
Биыл да «Turkistan» газеті дәстүрінен жаңылмай, шетелде түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген азаматтар туралы мазмұнды материалдар жариялап, Мемлекет басшысының назарына ілікті. Бұл – басылымның бағыт-бағдарының дұрыстығын көрсетеді.
Сұхбаттағы ең ойландыратын тұс – Президенттің: «Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұр. Себебі, әлеуметтік желі адамның ойлау (танымдық) қабілетіне зор зиян келтіріп жатыр…», – деген пікірі. Бұл – қоғамды ойландыруы тиіс өткір әрі өзекті тұжырым.
Соңғы 15 жылда ұлттық басылымдар медиа нарықтағы бәсекеде ұдайы жеңіліп, көбіне мемлекеттің қолдауымен ғана өмір сүріп келеді. Жабылып қалған газет-журналдар аз емес. Дегенмен редакциядағы жанкешті әріптестер соңына дейін күресіп келе жатыр. Нәтиже мардымсыз көрінгенімен, оң өзгерістер де жоқ емес.
Президенттің «Газет тілшілері жан-жақты шолулар мен терең сараптамалар жасауға баса мән береді, ағартушылықпен айналысады» деген пікірі – баспасөздің ғасырлық миссиясын дәл сипаттады. Газет – асықпай оқып, байыппен ой түюге, ақпаратты саралауға үйрететін көсемсөз мектебі.
Бүгін біз «Газет оқу – мәдениет» деген жалаң ұранмен шектелмей, ұлттық баспасөзді жүйелік жаңғырту жолдарын нақты талдауымыз керек. Ұлттық баспасөздегі менеджмент пен маркетингті жаңарту қажеттігі кеше ғана туындаған мәселе емес, бірақ шешімін әлі толық таппай келеді. Бір кездері «Turkistan» газетінде және «Парасат» журналында тілші болып жүргенде қоғамдық қорлар мен жекелеген тұлғаларды тарту арқылы газетке жазылым ұйымдастырып көрдік. Бірақ бұл әрекетіміз уақыт сынына төтеп бере алмады.
Сондықтан газет-журнал шығарушылар мен осы саланы зерттеушілер әлеуметтік желімен бәсекелесудегі ұлттық басылымдардың түйткілдерін терең саралауы тиіс. Мәселе аудиторияның кетуінде емес, оқырманға жету жолдарының өзгеруінде. Әлеуметтік желі ұшқырлылықпен ұтса, баспасөз тереңдігімен тең түсе алады. Осы айырмашылықты артықшылыққа айналдыру – кәсіби басқарудың басты міндеті.
Газет-журналдар жай ғана «ақпарат көзі» емес, қоғамдық ойдың институты болуы тиіс. Сондықтан жазылу науқандары маусымдық шара емес, ұзақ мерзімді стратегияға айналуы қажет. Мектеп, университет, кітапхана, мемлекеттік мекемелермен жүйелі әріптестік – оқырман тәрбиелеудің басты тетігі. Бірақ сол мәдениетті қалыптастыруда бәріміздің жауапкершілігіміз бар.
Әлеуметтік желімен бәсекеде ұту үшін баспасөз оған ұқсауға емес, одан өзгеше болуға тиіс. Газет пен журналдың басты күші – талдау, сараптама, факт пен жауапкершілік. Осы құндылықтарды дұрыс басқарып, сауатты нарыққа шығара алған басылым ғана жаңа дәуірде өз орнын сақтай алады.
Президент айтқан «қайта өрлеу дәуірі» өздігінен келмейді. Ол – батыл басқару шешімдері мен заман талабына сай маркетинг жолын табудың нәтижесінде ғана жүзеге асады. Бұл саладағы тиімді шешімді тапқанша іздей берейік, әріптестер.
Жәнібек Ғалым,
журналистика факультетінің оқытушысы
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАЖЕТ
«Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланды. Бұл сұхбатты Қазақстанның қазіргі экономикалық даму бағытына және жүргізіліп отырған макроқаржылық саясатқа жүйелі баға беретін стратегиялық сипаттағы құжат деп бағаласа болады.
Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерді нақты макроэкономикалық көрсеткіштер арқылы негіздеуі экономикалық саясаттың эмпирикалық тұрғыдан бағаланғанын және макроэкономикалық тұрақтылықтың белгілі бір деңгейде қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Сұхбатта экономикалық өсімнің сандық көрсеткіштерімен қатар, оның сапалық параметрлеріне де назар аударылған. Инфляцияның халықтың нақты табысына кері әсері баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді экономикалық саясаттың негізгі басымдығы ретінде айқындайды. Бұл өсім мен әлеуметтік әл-ауқат арасындағы өзара байланысты күшейтуге бағытталған ұстаным деп есептеймін.
Салық реформасына қатысты айтылған көзқарастар салық саясатын таза фискалдық құрал емес, экономиканың тұрақты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ететін институционалдық тетік ретінде қарастыруға негізделген. «Салық – заманауи қоғамдық келісімшарт» қағидаты салық төлеу мәдениетін арттыруға, көлеңкелі экономиканы қысқартуға және мемлекеттік қаржының тиімділігін күшейтуге бағытталған ұзақ мерзімді институционалдық өзгерістердің қажеттілігін білдіреді.
Сұхбатта көтерілген «орташа табыстар қақпаны» мәселесінен Қазақстан экономикасындағы құрылымдық теңгерімсіздіктер мен әлеуметтік тәуекелдердің сақталып отырғанын байқадық. Бұл адами капиталды дамыту, қаржылық тұрақтылықты арттыру және инклюзивті экономикалық өсімге көшуді алға тартып отыр.
Сонымен қатар зейнетақы жинақтарын пайдалану тәжірибесіне қатысты айтылған пікір қаржы нарығындағы реттеу мен бақылау тетіктерін жетілдіру керегін көрсетсе, бизнес секторындағы жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен қаржыландыру тапшылығы инвестициялық белсенділікті тежейтін факторлар ретінде көрініс тапты.
Жалпы алғанда, сұхбатта ұсынылған экономикалық және қаржылық ұстанымдар қысқа мерзімді шешімдерден гөрі, макроэкономикалық тұрақтылыққа, институционалдық реформаларға және халықтың нақты әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді, жауапты экономикалық саясаттың басымдығын көрсетеді.
Айжан АСИЛОВА,
ЭжБЖМ доценті
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУЫНА НАҚТЫ ҮЛЕС ҚОСУЫМЫЗ КЕРЕК
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында еліміздің алдағы дамуына байланысты жүйелі, стратегиялық бағдар айқын көрініс тапқан.
Аталған сұхбат жекелеген реформаларды сипаттайтын құжат қана емес, мемлекетті басқарудың жаңа философиясын ұсынатын тұжырымдамалық еңбек. Онда әділеттілік, заңның үстемдігі, жауапты билік және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мемлекеттің негізгі тіректері ретінде белгіленген.
Құқықтық ғылым тұрғысынан алғанда мақалада мынадай маңызды бағыттарға ерекше мән берілген:
- конституциялық қағидаттарды нақты іске асыру және құқық үстемдігін қамтамасыз ету;
- билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен тежемелік жүйені нығайту;
- қоғамдық диалогты мемлекеттік шешімдер қабылдаудың ажырамас элементіне айналдыру;
- сот жүйесінің тәуелсіздігін арттыру және азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау тетіктерін жетілдіру.
Президент ұсынған жаңғыру моделі саяси реформаларды экономикалық және әлеуметтік даму үдерістерімен тығыз байланыстырады. Цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу, инфрақұрылымды дамыту, адами капиталды күшейту – барлығы құқықтық мемлекет пен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Заң ғылымының өкілі ретінде бұл мақалада мазмұндық және құндылықтық өзгерістерге басымдық берілгенін ерекше атап өткім келеді. Бұл – құқыққа сенім, институттарға құрмет және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру жолы.
Алға қойылған міндеттерді іске асыру ғылыми қауымдастықтың, жоғары оқу орындарының және заңгер-практиктердің белсенді қатысуын талап етеді. Университеттер мен ғылыми мектептердің миссиясы – жаңа көзқарастағы, жоғары құқықтық мәдениетке ие мамандарды даярлау арқылы осы жаңғыруға нақты үлес қосу.
Президент айқындаған бағыт әділетті, тұрақты және құқықтық Қазақстанды қалыптастырудың берік іргетасын қалайды деп сенемін.
Ақмарал СМАНОВА,
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының ассистент профессоры
ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҰМТЫЛЫС
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбатын ел дамуының қазіргі бағыты мен болашақ межелерін айқын көрсететін маңызды саяси-қоғамдық құжат деуге болады. Мемлекет басшысының бұл сұхбаты қазақстандықтардың ел болашағына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Сұхбат барысында Президент ең алдымен ел бірлігі мен тұрақтылықтың маңызын атап өтті. Қазіргі таңда еліміз үшін басты құндылық – халықтың әл-ауқаты мен мемлекет тұтастығы екені тағы да ерекше атап өтілді. Ел Президенті жүргізіліп жатқан реформалардың қағаз жүзінде қалмай, нақты нәтижеге бағытталғанын, әр азаматтың өмір сапасын жақсартуға қызмет етуі тиіс екенін нақты жеткізді.
Экономикалық даму мәселесіне де ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы отандық өндірісті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті. Бұл еліміздің экономикалық тәуелсіздігін күшейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашатын маңызды қадамдар. Президент тұрақты экономика әлеуметтік әділеттіліктің негізі екенін қадап айтты.
Сұхбаттың тағы бір маңызды тұсы – әлеуметтік саясат пен жастар мәселесі. Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үймен қамту салаларындағы бастамаларға тоқталып, жастарға үлкен үміт артатынын жеткізді. Жастардың сапалы білім алып, ел дамуына үлес қосуы – Қазақстанның ұзақ мерзімді табысының кепілі.
Сонымен қатар Президент мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділ әрі ашық қоғам құру бағытындағы реформалардың жалғасатынын мәлімдеді. Бұл ұстанымдар «Әділетті Қазақстан» қағидаларының нақты іске асуының дәлелі болып табылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбаты – елдің болашағына деген айқын бағдар, халықпен ашық диалогтың көрінісі. Мемлекет басшысының байыпты ойлары мен нақты жоспарлары қазақстандықтардың сенімін арттырып, ортақ мақсатқа жұмылуға үндейді. Бұл сұхбат Қазақстанның тұрақты даму жолынан таймай, жаңа жетістіктерге ұмтылатынын айқын көрсетті.
Нұрлайым Мыңбатырова,
заң факультетінің доценті
ЖАҢҒЫРУ ӨЗЕГІ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген кең көлемді сұхбатында Қазақстанның жаңғыру жолындағы басты бағытын айқындап берді. Мемлекет басшысының ой-тұжырымдары ел дамуының ұзақ мерзімді негізі ретінде білім, ғылым және технологиялық серпілісті алға шығарады.
Президенттің айтуынша, қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі – оқу мәдениетінің әлсіреуі. Әлеуметтік желілердің адамның танымдық қабілетіне кері әсерін атап өткен ол қоғам үшін терең мазмұнды, сараптамалық ақпараттың маңызы артқанын баса айтты. Мемлекет басшысы «оқу мәдениеті жоғары елдер әрдайым жаһандық дамудың алғы шебінде болатынын» нақты атап өтті. Бұл – білімді ұлттық қауіпсіздік пен бәсекеге қабілеттіліктің стратегиялық факторы ретінде қарастырудың айқын көрінісі.
Сұхбатта жастар тақырыбына ерекше назар аударылды. Президент жастардың «елес-қиял әлемінде өмір сүруді емес, нағыз білім-ғылым жолына түсуді мақсат тұтатынына» сенім білдірді. Бұл ұстаным елдің болашағын еңбекқорлық пен зияткерлік әлеуетке сүйеніп құру идеясымен үндес.
Мемлекет басшысы 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялаудың мәнін де ашып көрсетті. Оның айтуынша, Қазақстан цифрлық державаға айналуы тиіс, бұл – жаңа технологиялық дәуірде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы. Осы бағытта бірқатар нақты қадамдар жасалған: Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес құрылды; «Жасанды интеллект туралы» заңы қабылданды; Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды; Alem.Cloud және Al-Farabium атты екі суперкомпьютер іске қосылды. Ең бастысы, бұл бастамалардың барлығы білім беру жүйесімен тікелей байланысты. Президенттің мәліметінше, 650 мыңнан астам студент AI-Sana бағдарламасы аясында білім алған, ал алдағы уақытта жасанды интеллектіге маманданған зерттеу университеті ашылады. Бұл деректер кадр даярлау ісінің елдің технологиялық күн тәртібіндегі шешуші рөлін көрсетеді.
Мемлекет басшысы білім саласын қаржыландыру мәселесіне де тоқталды. Ол әлеуметтік мемлекет ретіндегі Қазақстанның ғылым мен білімге қатысты барлық міндеттемесі орындалатынын атап өтті. Сонымен бірге «жан басына сәйкес қаржыландыру» жүйесінде бұрмалаулар барын айтып, бұл тетікті реформалау қажеттігін көрсетті. Бұл – білім сапасын арттыруды көздейтін жүйелік түзетуге бағытталған ұстаным.
Сұхбатта мұғалім мәртебесі де назардан тыс қалған жоқ. Президент мұғалімдердің жалақысы бірнеше есе өскенін және қоғамдағы беделінің артқанын нақты атап өтті. Алайда ол қолдау мен жауапкершілік қатар жүруі тиіс екенін ескертіп, алаяқтық пен әділетсіздікке жол берілмейтінін ерекше атап айтты.
Экономикалық даму мен ғылымның байланысы да сұхбатта кеңінен көрініс тапты. Мемлекет басшысы жоғары технологиялар, дата-орталықтар мен суперкомпьютерлер үшін сенімді энергия көздері қажет екенін атап өтіп, инженерлік және ғылыми кадрларды даярлаудың маңызын көрсетті. Осы тұрғыдан алғанда атом энергетикасын дамыту туралы пікірінде ол «техникалық интеллигенцияның жаңа буынын қалыптастыру» міндетін ерекше атап өтті.
Қорыта айтқанда, Президент сұхбатында ұсынылған жаңғыру тұжырымдамасының өзегі айқын: әділетті мемлекет – сапалы білім арқылы, тұрақты даму – ғылым мен технология арқылы қалыптасады. Бұл бағыт Қазақстанның алдағы жылдардағы даму логикасын анықтайтын стратегиялық бағдар ретінде бағалануы тиіс.
Нәзия Тасилова,
тарих факультетінің профессоры, т.ғ.к.
ТҰРАҚТЫ РЕФОРМАЛАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сұхбатында 2026 жылды Қазақстан үшін жаңғырудың жаңа белесі ретінде айқындады. Бұл – ел дамуының стратегиялық маңызы бар бағыттарын айқындайтын кешенді көзқарас.
Президенттің пікірінше, Қазақстанның келесі даму кезеңі тұрақты реформаларды жалғастыру, инновациялық әлеуетті арттыру және азаматтық белсенділікті күшейту арқылы жүзеге асады. Мұндай ұстаным қазақстандық қоғам мен мемлекеттің ортақ мақсаттарға негізделген біртұтас даму бағытын көрсетеді.
Сұхбаттың негізгі өзегінде әлеуметтік және экономикалық салаларды жаңғырту, конституциялық реформаларды тереңдету, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығы айқын көрініс тапқан. Бұл басымдықтар Қазақстанды технологиялық тұрғыдан бәсекеге қабілетті әрі XXI ғасыр талаптарына сай қоғам ретінде қалыптастыруға бағытталған. Президент ұсынған ұстанымдар елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен институттық дамуын қамтамасыз етуге негізделген прагматикалық және жауапты саясаттың жалғасы екенін аңғартады.
Нұрлан Муминов,
Философия кафедрасының қауымдастырылған профессоры
БОЛАШАҚ АДАЛ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА БОЛУЫ ТИІС!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатын елдің болашағына жасалған болжам деуге болады.
Президент ел дамуына ықпал ететін үш тағанды: экономика, саясат, әлеуметті талдау арқылы ұтымды тұстар мен кемшіліктерді, басым бағыттарды анықтады.
Мұндағы маңызды мәселе рухани құндылықтар арқылы «жаңғыру» – ел болашағының, әл-ауқатының сипаты екеніне басымдық берілді. Бұл үш тағанның тамыры – тәрбие мен білімде. Демек, бала тәрбиесінде сұхбатта айтылған мәселелер назарға алынуы тиіс. Өткенін бағалайтын, болашағын болжай алатын, рухани құндылықтар бойына сіңірілген ұрпақ қана халқына адал қызмет етеді.
Сұқбатта алдымен Қазақстандағы реформалар қозғалып, экономика, ІЖӨ-нің өсуі өзіндік жетістік екені айтылды. Алайда бұл барлық туындаған мәселелердің шешімі емес, ол үшін сапалы өсім болу керектігіне назар аударылды.
Сонымен қатар Президент әділетті салық және тариф мәселесін түсіндірді. Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексі «фискалдық қысым» емес, ол – мемлекет пен бизнес және азаматтар арасындағы серіктестік екенін алға тартты. Мұнда әділеттілік қағидасын ұстану керек, яғни: «Кім көп тұтынса – соғұрлым көп төлейді, ал шынайы мұқтаж жандарға атаулы көмек көрсетіледі», – деп ашық айтты.
Бұдан бөлек, сұхбатта Қазақстан Еуразия аумағында көлік-логистика хабына айналу керек деген стратегиялық жоспарға ерекше назар аударылды. Яғни, теміржол, автокөлік жолдары, порттар мен «Орта дәліз» – еліміздің геосаясаты мен экономикалық мүмкіндіктерін жетілдіретін фактор ретінде анықтады. Ауыл щаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы экспорттық салаға айналуы тиіс екенін де қадап айтты. Сондай-ақ, туризмге аса мән беріп, бұл табыс көзі ғана емес, «елдің мәдени көрсеткіші» деген баға берді.
Бәрімізге белгілі, 2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Алайда бұл тек жоспарлы «әдемі сөз» емес, еліміздің өркениетті мемлекеттер қатарынан көрініс табуына жол көрсететен шешуші шарт ретінде сипатталды.
Сұхбатта тарих, рухани дүние, Абай Құнанбайұлы мұрасы да қалыс қалмады. Тарихты бұрмалауға, жалған батырларды қолдан жасауға болмайтыны ашық айтылды. Президент Отаншылдықты ұранға айналдырмай, адал еңбек, тәртіпке бағыну, табиғатты қорғау, еліне адал болу арқылы халыққа қызмет ету керек деген пікірін білдірді. «Таза Қазақстан» жобасы – тек экологиялық мәселе ғана емес, адами тазалықты көрсететін идеология. Олай болса, Мемлекет басшысының сұхбатының мазмұны мейірімділік, қайырымдылық жасау арқылы адал азаматтарды тәрбиелеу болса керек. Болашақ адал азаматтардың қолында болуы тиіс!
Нұрсұлу АЛҒОЖАЕВА,
педагогика және білім беру кафедрасының меңгерушісі
«ОРТА ДӘЛІЗДІҢ» МҮМКІНДІКТЕРІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» басылымына берген сұхбатында экономикалық мәселелерге баса назар ауарылған. Қазақстанның көлік-логистика саласын ел дамуының стратегиялық өзегіне айналдыруға бағытталған ұзақмерзімді әрі прагматикалық көзқарас анық аңғарылады.
Теңізге тікелей шығатын жолы жоқ ел үшін транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану – экономикалық өсудің, геосаяси ықпалдың және ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазақстанның Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасуы – табиғи артықшылық қана емес, оны жүйелі саясат пен нақты жобалар арқылы іске асыруды талап ететін мүмкіндік.
Сұхбатта аталған «Достық – Мойынты» теміржол магистралі мен болашақтағы жаңа желілер елдің көлік инфрақұрылымын сапалық жаңа деңгейге көтереді. Бұл жобалар Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалын еселеп арттырып қана қоймай, Қазақстанның транзиттік табысын ұлғайтуға, өңірлердің экономикалық дамуына серпін беруге мүмкіндік жасайды. «Орталық – Батыс» күре жолының құрылысы ел ішіндегі логистикалық байланысты нығайтып, аумақтық теңсіздікті азайтуға ықпал етеді.
Сонымен бірге Президент көлік-логистика саласының геосаяси маңызын ерекше атап өтеді. Қазіргі таңда көлік дәліздері халықаралық бәсекенің және саяси келіссөздердің маңызды нысанына айналды. Қазақстанның «Бір белдеу – бір жол», «Солтүстік – Оңтүстік» және «Орта дәліз» жобаларына белсенді қатысуы елдің халықаралық беделін арттырып, сыртқы экономикалық байланыстарын әртараптандырады.
Жалпы, бұл сала тек инфрақұрылыммен шектелмей, цифрландыруды, сервистік сапаны және басқару тиімділігін талап етеді. Президенттің пікірі Қазақстанды заманауи, бәсекеге қабілетті көлік-логистика хабына айналдыруға бағытталған нақты әрі өзекті стратегиялық бағдар екенін көрсетеді.
Руслан Ақмағанбет
Аға оқытушы, философия және саясаттану факультеті
ЖАҢА КЕЗЕҢ БАСТАУЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты ел болашағына қатысты маңызды ойлар мен нақты бағыттарды қамтиды.
Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстанда ауқымды өзгерістер жүзеге асып жатқанын, олардың басты мақсаты – әділетті қоғам құру және халықтың өмір сапасын жақсарту екенін атап өтті.
Сұхбатта саяси реформалардың маңызы, билік пен халық арасындағы ашық диалог, заңның үстемдігі және жауапты мемлекет қалыптастыру мәселелері кеңінен қозғалды. Сонымен қатар экономиканы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау және инвестиция тарту – ел дамуының негізгі тіректері екені айтылды.
Президент жастарға қолдау көрсету, білім мен ғылымды дамыту, әлеуметтік саланы нығайту арқылы Қазақстанның болашағы берік болатынын жеткізді. Жаңғыру жолындағы бұл қадамдар еліміздің тұрақты дамуына және әр азаматтың әл-ауқатының артуына бағытталған.
Бұл сұхбат – Қазақстанның жаңа кезеңге сенімді түрде бет алғанының айқын көрінісі.
Сабыржан ЖАПАҚОВ,
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы
БИІК МАҚСАТТАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі мерзімді баспасөз бетінде жыл сайын берілетін сұхбаттарымен іс жүзінде жаңа саяси дәстүрді қалыптастырды. Жаңа жыл басында осы дәстүрді сақтай отырып, Қазақстандағы ең ықпалды басылымдарының бірі «Түркістан» газетіне ауқымды да мазмұнды сұхбат берді.
Мемлекет басшысы әрқашан қоғамдық көңіл-күй мен халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілектеріне барынша назар аударып отырады. Барлық мәселелер мен жоспарлар туралы бүкпесіз әрі ашық айтады. Бұл жолы да халықты толғандыратын көптеген маңызды мәселелер көтеріліп, талқыланды. Мысалы, салық реформасы, соның ішіндегі қосымша табыс салығы, энергетикалық және коммуналдық сектордағы реформа, көлік және логистика саласы, ауыл шаруашылығы және ондағы жағдай, туризмді дамыту, жасанды интеллект және Қазақстанды цифрлы елге айналдыру, ядролық энергетиканы қолдану, жер қойнауында сирек кездесетін металдарды пайдалану, отандық бизнес өкілдерінің орны мен рөлі, қаңтар оқиғасының себептері мен мәні, сыбайлас жемқорлықпен күрес, еліміздің сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастар және тағы басқа мәселелер.
Мемлекет басшысы сұхбатының бас жағында әдеттегідей өткен жылдың қорытындысына тоқталды. Былтыр өте көп және айтулы оқиға болғаны белгілі. Мысалы, экономикамыз 6 пайыздан астам өсіпті. Ішкі жалпы өнім 300 миллиард доллар межесіне жетіп, жан басына шаққанда 15 мың доллардан асыпты. Бұл – елімізбен қатар, бүкіл өңір үшін рекорлтық көрсеткіш. Қазақстан жаңғыру жолында айтулы табыстарға қол жеткізіп, барынша өркениетті ел бола бастады. Халықаралық қаржы институттары мен рейтингтік агенттіктердің бағалауынша, елімізді бақуатты, тіпті, бай мемлекет деп атауға болады. Бірақ бұл жетістіктерге тоқмейілсіп, масайрап отыруға болмайды. Оның үстіне әлі де шешілмеген және жаңадан туындап жатқан мәселелер бар. Біз тынымсыз еңбектеніп, тек қана алға ұмтылуымыз керек. Ежелгі түркі бабаларымыз айтқандай «Күндіз отырмай, түнде ұйықтамай» дегендей еңбек етуіміз қажет. Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру үшін тек үкіметке ғана арқа сүйеп отырмай, ел болып, жұрт болып білекті сыбанып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол, бір ауыздан сөз шығарып, көп жұмыс істеуімізге тура келеді.
Еліміз реформаларды жүзеге асыруға біржола бет бұрды. Реформаларды жүзеге асыру кедергілері көп, қиын жол, небір тар жол, тайғақ кешулерден өтуге тура келеді. Бірақ ол Қазақстан үшін өте қажетті, басқа жол жоқ. Бізге үстіміздегі және алдағы жылдары Қазақстанның әлеуетін арттыруға бағытталған көптеген міндеттерді шешуге тура келеді. Алдымызда тұрған басты міндет – экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Оған қол жеткізу дегеніміз – халықтың әл-ауқатының артуы, инфрақұрылымның салынуы, қауіпсіз ортаның қалыптасуы, тың мүмкіндіктердің пайда болуы. Мемлекет басшысының айтуынша, биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болады. Осы жылы ауқымды саяси өзгерістердің жаңа кезеңі басталады, экономикалық реформалар жалғасын табады.
Соңғы жылдары Қазақстанда көп нәрсе өзгерді. Біз өркениетті, әділетті мемлекет құрып жатырмыз. Қоғамдық сана жаңғыра түсті, мемлекеттік басқару жүйесі жаңарды. Сыртқы саясатта Қазақстанның абырой-беделі өсіп, халықаралық құқық субъектісі ретіндегі рөлі артып отыр. Біздің халықаралық қатынастағы негізгі мәселелер туралы өз көзқарасымыз, нақты ұстанымымыз бар. Қазақстан алдағы уақытта да тәуелсіз, егеменді, құқықтық, демократиялық мемлекет ретіндегі мәртебесін нығайта береді. Біз ынтымақ, бірлігімізді арттыра отырып, кездескен қиыншылықтарды еңсере отырып, алға қойған барлық мақсаттарымызға жететінімізге сенеміз. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, еліміздің болашағы дарынды, бастамашыл әрі отаншыл жастардың қолында.
Сабырхан СМАҒҰЛОВ,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы
ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ БАҒЫТ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «TURKISTAN» газетіне берген сұхбаты – Қазақстанның стратегиялық дамуының жаңа кезеңін айқындайтын, уақыт талабына толық жауап беретін мазмұнды әрі терең ойластырылған саяси құжат деуге болады. Мемлекет басшысы көтерген цифрлық держава құру идеясы – бүгінгі жаһандық технологиялық бәсеке жағдайында ел болашағын айқындайтын аса маңызды бағыт.
Қазіргі таңда жасанды интеллект, үлкен деректер, финтех және цифрлық платформалар тек экономиканың емес, қоғамдық сананың да трансформациясына ықпал етіп отыр. Президенттің халқымыздың ой-санасы инновацияларға дайын деген сенімі орынды. Шынында да, қазақстандық қоғам цифрлық қызметтерді тез меңгеріп, жаңа технологияларды күнделікті өміріне белсенді енгізіп келеді. Бұл – ұлттың зияткерлік әлеуетінің жоғары екенінің айқын дәлелі.
Сұхбатта аталған АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық бәсеке – әлемдік даму бағытын айқындап отырған басты факторлардың бірі. Осындай күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның жасанды интеллектіні экономиканың, мемлекеттік басқарудың және білім беру жүйесінің өзегіне айналдыруы – көреген әрі прагматикалық шешім. Astana Hub, IT-экожүйе, цифрлық активтер, суперкомпьютерлер, деректерді басқару жүйесі секілді бастамалар еліміздің бұл салада артта қалмай, керісінше, өңірлік көшбасшы болуға ұмтылып отырғанын көрсетеді.
Әсіресе, білім беру саласына ерекше назар аударылғанын жоғары бағалаймын. AI-Sana бағдарламасы аясында жүздеген мың студенттің жаңа білім алуы, жасанды интеллектке маманданған зерттеу университетінің ашылуы – болашаққа салынған берік инвестиция. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен адами капиталмен өлшенетінін ескерсек, бұл бастамалардың стратегиялық маңызы зор.
ЖОО ұстазы ретінде айтарым: цифрландыру мен жасанды интеллект тек техникалық үдеріс емес, ол тілге, мәдениетке, коммуникацияға да тікелей әсер етеді. Сондықтан қазақ тілінің цифрлық кеңістікте дамуына, ұлттық мазмұнның жасанды интеллект жүйелеріне енуіне ерекше мән берілуі тиіс. Бұл – рухани тәуелсіздік пен мәдени қауіпсіздіктің маңызды шарты.
Қорытындылай келе, Мемлекет басшысы жариялаған цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні ел дамуының басым бағыты ету туралы шешімі – тарихи маңызы бар таңдау. Бұл бастамалар Қазақстанды жаңа өркениеттік деңгейге көтеріп, жаһандық бәсекеде өз орнын айқындайтынына сенім мол. Ең бастысы, ғылым, білім және технология тоғысқан осы жолда ұлттық мүдде мен адами құндылықтар басты назарда болуы тиіс.
Мәншүк МҰҚАШЕВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры
МАҢЫЗДЫ СҰХБАТ
Қазақстан Республикасының бүгінгі қоғамдық-саяси даму жағдайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықпен сұхбаттасуы маңызды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты маңызды саяси оқиғалардың бірі болып табылады. Аталған сұхбатта еліміздің ішкі саясаты, әлеуметтік-экономикалық реформалар, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тұрақтылық және мемлекеттік басқару мәселелері кеңінен қамтылды.
Сұхбат барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Президент реформалардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанына тоқталып, тұрақтылық пен заң қағидаттарын негізгі құндылықтар ретінде көрсетті. Экономикалық әртараптандыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері сұхбатта кеңінен талқыланып, әлеуметтік салаларға ерекше назар аударылды. Қазіргі кезде білім беру мен денсаулықты сақтау, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау жүйелерін жетілдірудің маңыздылығына назар аударды. Азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты бағыты екені айтылды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты Қазақстанның қазіргі даму кезеңіндегі маңызды саяси құжаттардың бірі болып табылады. Сұхбатта көтерілген мәселелер ел болашағының дамуына негіз болады деген сенім басым.
Ұлжалғас Жолдыбаева,
тарих факультетінің доценті, т.ғ.к.