«Қытай тілі бұрышы» жұмысын жүргізудеFarabi University

«Қытай тілі бұрышы» жұмысын жүргізуде

3 желтоқсан, 2025

Қытайтану кафедрасының жанындағы «Жібек жолы» үйірмесінің аясында «Қытай тілі бұрышы» өз жұмысын жақсы жүргізіп келеді. 1 курс куратор-эдвайзері Байсерке Айжанның жетекшілігімен ұйымдастырылған тіл үйрену клубының осы оқу жылы басталғалы 3 отырысы өтті.
 Клубқа жергілікті студенттер мен қытайлық студенттер бірге қатысып, түрлі тақырыптар бойынша әңгімелесіп, талқының көрігін қыздырып жатыр. Олар отбасы, оқу, күнделікті өмір, салт-дәстүр тақырыптары бойынша пікір алмасып, мәдени қарым-қатынас арқылы бір-бірінен көп дүние үйренуде. 
Осы шараға қатысып жүрген студенттердің ықыласы зор, оқуға деген ынталары да күннен күнге артып келеді. Мұндай клуб студенттер үшін өте пайдалы. Олар қазақ, орыс және қытай тілдерінде сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, бір-біріне көмектесіп, сөздік қорын молайтуда.
         Осылайша студенттерге достық қарым-қатынас, мәдени алмасу және тілдік дағдыларын жетілдіруге арналған ыңғайлы орта жасалынып отыр. Ұйымдастырушылар алда осы клубтың ауқымын кеңейтіп, жоғарғы курс студенттерін де осы шараға тартуды жоспарлап отыр.