- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасы Президентінің жасанды интеллект туралы Жолдауы және ТДМ № 4 «Сапалы білім» аясындағы «Жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен тәуекелдері» іс-шара-көрмесі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жасанды интеллект туралы Жолдауы және ТДМ № 4 «Сапалы білім» аясындағы «Жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен тәуекелдері» іс-шара-көрмесі.
2025 жылғы 2 желтоқсанда сағат 14:00-де шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Гумарова Ш.Б., Исабаева Б.К., Утебекова А.С., Құдайбергенова Л.Е. және Режеп А.С. Қазақстан Республикасы Президентінің жасанды интеллект туралы Жолдауы және Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты «Сапалы білім» аясында “Artificial Intelligence: opportunities and risks” тақырыбында халықаралық форматта іс-шара-көрме өткізді. Іс-шараның мақсаты: жасанды интеллект – болашақтың құралы ғана емес, бүгінгі күннің шынайылығы екенін, ол саналы көзқарасты, жауапкершілікті және сыни ойлауды талап ететінін көрсету.

Іс-шара-көрменің қатысушылары мен қонақтары ретінде қазақ, орыс бөлімінің 1-курс студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің орыс бөлімінде оқитын Қытай Халық Республикасының студенттері Zhang Bo және Ren Ruizi қатысты. Сонымен қатар іс-шараға Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің журналистика және өзбек филологиясы факультеттерінен, тіл білімі және тілдерді оқыту бағыты бойынша 1-курс студенті Исмоилова Акерке және Қазақ-Америка университетінің «Туризм» мамандығының 1-курс студенті Аккалиева Аружан арнайы шақырылды.
Іс-шара жасанды интеллектті қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдерін талқылауға арналды. Алғашқы бөлімде Өзбекстаннан келген студент презентация ұсынып, жасанды интеллектті пайдаланудың негізгі бағыттарын және онымен байланысты қауіптерді таныстырды. Екінші бөлімде студенттер ғылым мен білімнен бастап медицина, құрылыс, автоматтандыру және киберқауіпсіздікке дейінгі салаларда жасанды интеллекттің ықпалын көрсететін тақырыптық постерлер дайындап, оларды қорғады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде фейк ақпараттың таралуы, технологиялық тәуелділік, жұмыссыздық қаупі және жасанды интеллект тарапынан қате нәтижелердің ықтималдығы сияқты тәуекелдерге ерекше назар аударылды.
Іс-шара қатысушыларға жасанды интеллекттің дамуына сыни тұрғыдан қарауға және студенттер үшін жаңа технологияларды саналы әрі ұтымды қолдануды үйренудің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. Баяндамалардан кейін қатысушылар өз сұрақтарын қойды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
https://drive.google.com/file/d/1vUtMwvuHrc_p4uIXae7UT_uZRq_E36Ss/view?usp=drivesdk
Басқа жаңалықтар