"Менің елім - менің мақтанышым": Тәуелсіздікке арналған Ұрпақтар ЧелленджіFarabi University

"Менің елім - менің мақтанышым": Тәуелсіздікке арналған Ұрпақтар Челленджі

4 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 4 желтоқсанында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Мырзахмет М. Ж, Махметова Д.М., Луговская Е.И. және Несіпбаева З.С., Исабаева Б.К., Гумарова Ш.Б. химия және химиялық технология факультетінің, сондай-ақ физика-технология факультетінің бірінші курс студенттерімен бірлесіп, 4-Тұрақты даму мақсаты. Сапалы білім беру аясында іс-шара өткізді.Бұл іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Монғолия студенттері және Қытайдағы шетелдік университеттерде оқитын студенттер қатысты.

Қазақстандық жастар студенттерінің "Менің елім - менің мақтанышым" челленджі осы жылы ерекше мағынаға ие болды – ол Қазақстан Республикасының Ұлы Тәуелсіздік күніне орайластырылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тамырынан таралған бұл бастама енді жалпыұлттық және халықаралық дыбысқа айналуда.

Челендждің мәні: Тәуелсіздік – біздің ортақ мақтаныш!

Бұл жоба жалғыз бір фото немесе бейне емес. Бұл – әрбір қазақстандық жас өз жүрегіндегі Тәуелсіздік мақтанышын бөлісуі.

Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 34 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретінде жас ел тарихының жаңа беттері басталды.

Тәуелсіздік- мемлекетіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз.

Біздің міндетіміз- кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты Қазақстанды аманаттау!

Бұл челлендж арқылы:

Отансүйгіштік рухты нығайту - жастар өз елінің тарихын, мәдениетін және жетістіктерін насихаттайды

Халықаралық диалог - шет ел студенттерін тарту арқылы мәдениетаралық алмасу

Заманауи формат - челленджтер қазіргі жастар арасында танымал әлеуметтік желілердегі мазмұн түрі

Жастар қауымдастығы - әртүрлі университеттер мен елдердің студенттерін біріктіру

Шет ел студенттеріне жолдау арқылы олар Қазақстан туралы ақпаратты халықаралық деңгейге шығарып, еліміздің имиджін насихаттайды.

Мұндай бастамалар жастардың белсенді азаматтық позициясын көрсетіп, ұлттық бірегейлікті сақтауға ықпал етеді. Челендж тақырыбы "Менің елім - менің мақтанышым" өте сәтті таңдалған, өйткені ол отанға деген махаббат пен құрмет сезімін білдіреді.

Тәуелсіздік тек тарихи оқиға ғана емес, сонымен қатар әрбір қазақстандықтың жан-жүрегіндегі мақтаныш пен ерлік символы. Бұл күн біздің бірлігімізді, тұрақтылығымызды және болашаққа деген сенімімізді нығайтады.

Еліміздің гүлденуі, тұрақтылығы және дамуы тілегімен, баршаңызды қайтадан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

https://drive.google.com/file/d/1pNc5dtPdpyb_A1jgcOC8Z6np7YQ4UyHa/view?usp=drivesdk

 

https://drive.google.com/file/d/1cMHT7D7fuBRz7rS7GkUllyBnfxAX_XX1/view?usp=sharing