ТДМ-3 бағыты бойынша іс-шара: «Су және оның микробиологиялық көрсеткіштерін зерттеу» іс-шарасыFarabi University

ТДМ-3 бағыты бойынша іс-шара: «Су және оның микробиологиялық көрсеткіштерін зерттеу» іс-шарасы

24 қазан, 2025

Өткізу уақыты

24.10.2025, сағ. 15:00, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасында өткен  іс-шара

ТДМ мақсаты 6:

Іс-шараның мақсаты: қауіпсіз су ресурстары мен канализацияға қолжетімділікті қамтамасыз ету

Іс-шара атауы

«Су және оның микробиологиялық көрсеткіштерін зерттеу» іс-шарасы

Іс-шара мақсаты

Күнделікті қолданылатын тіршілік көзі ретінде таза судың маңыздылығы, санитарлық нормалары мен қауіпсіздік ережелері бойынша түсініктерін кеңейту.

Жауапты оқытушылар

Кирбаева Д.К. доцент, Акмуханова Н.Р. доцент, Садвакасова  А.К. профессор

Іс-шараның www.kaznu.kz сілтемеcі

 

Фото есеп

 

 

Іс-шараның қысқаша сипаттамасы

 

24.10.2025 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биотехнология кафедрасының бірқатар профессор-оқытушы құрамының ұйымдастыруымен «Микробиология» мамандығының 3 курс студенттеріне «Су және оның микробиологиялық көрсеткіштерін зерттеу» атты іс шара ұйымдастырылды.

Ұйымдастыру барысында студенттер биотехнология кафедрасының профессор-оқытушыларының қысшаша баяндамаларын тыңдады.

           Су қоршаған ортасының қауіпсіздігі оның микробтық құрамымен тікелей байланысты, бұл құрам нәжіс ластануының болуын, жалпы сапрофиттік деңгейін, сондай-ақ халық денсаулығы мен экожүйелер үшін әлеуетті тәуекелдерді көрсететін кешенді көрсеткіш болып табылады. Судың сапалығына үнемі микробиологиялық мониторинг жүргізу - бұл халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету және су экожүйелерін сақтау жүйесінің міндетті элементі болып табылады. Заманауи талдау әдістері әлеуетті қауіптерді жедел анықтауға және уақтылы түзетуші шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай ақ, іс-шара барысында судың ластану жолдары, ластаушы микроорганизмдер түрлері мен микробиологиялық зерттеулердің негізгі әдістемелері талқыланды.