- Басты бет
- Жаңалықтар
- Түркиядағы Денсаулық білімдері университетінің Хамидие зерттеу институтындағы ғылыми тағылымдама: өсімдік экстрактілерінің биологиялық белсенділігін зерттеу
Түркиядағы Денсаулық білімдері университетінің Хамидие зерттеу институтындағы ғылыми тағылымдама: өсімдік экстрактілерінің биологиялық белсенділігін зерттеу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультеті ботаника және агроэкология кафедрасының PhD докторанты Кенжебаева Жаухар Аралбайқызы 15 қазан мен 15 қараша аралығында Түркияның Стамбул қаласында орналасқан Денсаулық ғылымдары университетінің (Health Sciences University) Хамидие ғылыми-зерттеу институтында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама шетелдік ғылыми жетекшісі, PhD, профессор Ахмет Бейатлидің ғылыми басшылығымен жүзеге асырылды.
Аталған тағылымдама жас зерттеушінің ғылыми тәжірибесін кеңейтуге, халықаралық деңгейде қолданылатын зерттеу әдістерімен терең танысуға, сондай-ақ өз ғылыми жобаларын әлемдік деңгейде дамытуға мүмкіндік берді.
Зертханалық жұмыстар барысында өсімдік экстрактілерінің (сығындыларының) биологиялық белсенділігі зерттеліп, олардың антиоксиданттық белсенділігі жоғары, цитотоксикалық әсері орташа деңгейде екендігі, сондай-ақ микроорганизмдерге қарсы қасиеттерге ие екендігі анықталды. Алынған нәтижелер өсімдік тектес қосылыстарды жаңа биологиялық белсенді препараттар әзірлеу бағытында қолдануға болатынын көрсетеді.
Ботаника және агроэкология кафедрасы
Басқа жаңалықтар