Тарихқа саяхат: заң факультеті студенттері ҚР Ұлттық музейінде
02.12.2025 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Мынбатырова Нұрлайым Канбатыровнаның, «Мемлекет және құқық тарихы» студенттік клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен заң факультетінің 3-курс студенттері БҰҰ-ның 11-ші ТДМ аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейіне барды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық мұражайы – Орталық Азиядағы ең ірі және ең көне музейлердің бірі. Оның 300 мыңға жуық экспонатты құрайтын бай топтамасы Қазақстанның көп ғасырлық тарихы мен мәдениетін қамтиды.

Іс-шараның мақсаты: аталмыш іс-шара студенттерді елдің тарихи және мәдени мұрасымен тереңірек таныстыру үшін, олардың рухани және мәдени әлеуетін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және білім беру мен мәдени даму мақсаттарына жету үшін маңызды құрамдас бөлік болып табылады.
Сапар барысында студенттер музейдің экспозициялық залдарында болып, еліміздің тарихының түрлі кезеңдері бойынша құнды ақпараттармен, ал «Коллекциялар» бөлімінде музейдің қорларында сақталған ерекше-бірегей және сирек кездесетін коллекцияларын тамашалады. Музейге бару студенттердің мәдени деңгейін көтеруге, тарихи отандарына деген сүйіспеншілігін нығайтуға және көпұлтты Қазақстан халқының тарихына, дәстүрлеріне және мәдениетіне құрметпен қарауды дамытуға бағытталған.
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы