Тәуелсіздік күні қарсаңындаFarabi University

Тәуелсіздік күні қарсаңында

25 қазан, 2025

Тұрақты даму мақсаттарының аясында, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары факультет тыңдаушыларымен үлкен тәрбиелік жұмыс жүргізеді. Бұл оқытудың аспектісі ТДМ №4 «Сапалы білім» бағытына жауап береді. Оқытушылар аудиториялық жұмыстан бөлек, студенттермен көп уақыт өткізеді. Себебі біздің тыңдаушылар Қазақстанға әлемнің әртүрлі елдерінен білім алу үшін келеді және елдің тарихы мен даму ерекшеліктері туралы ештеңе білмейді. Сондықтан факультеттің барлық топтарында «Тәуелсіздік күні» сияқты үлкен мереке қарсаңында эдвайзерлер ашық эдвайзерлік сағаттар өткізеді.

Оқытушылар шетелдік тыңдаушыларға қазіргі уақытта оқып жатқан ел – Қазақстан Республикасы тарихы, мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні туралы айтып береді. Бұл мерекенің барлық қазақстандықтар үшін маңызын түсіндіреді. Студенттер оқытушылардың әңгімелерін қызыға тыңдап, көкейіндегі сұрақтарын қояюға мүмкіндік алады. Ел тарихымен танысу барысында студенттерге Қазақстанның әнұранын тыңдау пайдалы болар еді. Қытайлық студенттер Қазақстан әнұранының мәтінін қытай тіліне аударып көруге тырысты – бұл олардың ерекше қызығушылықтарын тудырады. Олар өздерін бір сәтке әдеби аудармашылар ретінде елестетеді.

Біздің студенттер тек қана орыс тілін оқи бастағандықтан, әрине, әлі көп нәрсені білмейді және түсінбейді, бірақ оларға орыс тілін үйренуге, орыс тілінде жақсы сөйлеуге, орыс тілінен қытай тіліне және қытай тілінен орыс тіліне кәсіби аудармашы болуға деген үлкен ниет қуаныш әкеледі. Эдвайзерлік сағат өте жоғары деңгейде өтті.  

 

 

ҚазҰУ әл-Фараби атындағы Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

 шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушылары

 Туребекова Р.С., Ешимов М.П.