" Ұлттық валюта"Farabi University

" Ұлттық валюта"

17 қараша, 2025

2025 жылғы 17 қарашада орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының докторанттары Лай Чуньлань, Чжан Хаожань және Кабдулова Гүлжан Мынжасаровна «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының төртінші курс студенттерімен бірлесіп «Ұлттық валюта» атты тәрбие жұмысын өткізді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Қытайдағы ұлттық валютаның қалыптасуы мен даму тарихын қарастыру.

Іс-шара барысында ұлттық валюталардың пайда болуы мен эволюциясы, банкнот дизайны, жалған ақшадан қорғау технологиялары және цифрлық валюта туралы ақпарат ұсынылды. Қытайдан келген докторанттардың өз ұлттық валютасы туралы мазмұнды, көрнекі презентациялары ерекше қызығушылық тудырды. Студенттер Қазақстан мен Қытайдағы ұлттық валютаның қалыптасу ерекшеліктерін терең түсініп, екі елдің экономикасы мен мәдениетіндегі валютаның рөлі туралы білімдерін кеңейтті, сондай-ақ ТДМ-4 (Тұрақты даму мақсаты 4) және оның болашақ мамандар үшін маңызы туралы түсінік алды.

Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары

Туманова А. Б. , Какильбаева Э. Т.