- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультетінде «Болашақты зерттеудің заманауи теориялық тәсілдері және пост-қалыпты уақыт тұжырымдамасы» атты ғылыми семинар өтті
Шығыстану факультетінде «Болашақты зерттеудің заманауи теориялық тәсілдері және пост-қалыпты уақыт тұжырымдамасы» атты ғылыми семинар өтті
2025 жылғы 3 желтоқсанда Шығыстану факультетінде «Болашақты зерттеудің заманауи теориялық тәсілдері және пост-қалыпты уақыт тұжырымдамасы» атты ғылыми семинары өткізілді. Семинарды пост қалыпты саясат және болашақ перспективаларын зерттеу орталығының өкілі, PhD Елена В. Музыкина жүргізді.
Семинар барысында пост қалыпты уақыт теориясының негізгі элементтері, сондай-ақ futures studies саласындағы өзекті бағыттар мен әдіснамалық құралдар талқыланды. Лектор әлеуметтік практикалардың трансформациясына және ықтимал болашақ сценарийлерін талдауда прогностикалық модельдердің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Семинарға 1–2 курс докторанттары мен факультет магистранттары қатысты. Қатысушылар ұсынылған материалдың ғылыми құндылығын және қазіргі гуманитарлық зерттеулер үшін оның практикалық маңызын атап өтті.
Басқа жаңалықтар