- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ
«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ
2025 жылғы 3 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған патриоттық іс-шара өткізді. Іс-шара Студенттер үйі №16-ның акт залында өтіп, кафедраның студенттерін, оқытушыларын және кураторларын бір арнаға тоғыстырды.
«Есеп және аудит» пен «Қаржы» мамандықтарының 1 және 3 курс студенттері еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктерін паш етіп, Қазақстанның экономикалық дербестігін нығайту және қаржы жүйесінің дамуы туралы мазмұнды баяндамалар жасады.
Іс-шараға кафедра меңгерушісі Сартова Р.Б., профессор Байдаулетов М.Б., кафедраның аға кураторы Кукеев А.Ж. және аға оқытушы Кыздарбекова А.С. қатысып, Тәуелсіздіктің маңыздылығын және Қазақстанның дамуына университет қауымдастығының қосқан үлесін атап өтті.
Шара елімізге бейбітшілік, өркендеу және молшылық тілектерімен қорытындыланды.
Басқа жаңалықтар