«Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында тәрбие сағаты өттіFarabi University

«Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

5 желтоқсан, 2025

      Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «6В05108-Биомедицина» мамандығының 1 курс студенттерінің  БМ 25-01,25-02,25-03 топтарының қатысуымен  «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

       Казакбаева Алзира : «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбындағы кураторлық сағаттың негізгі мақсаты — студенттерге Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи маңызын түсіндіру, елдің даму жолындағы басты кезеңдерді таныстыру және жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты қалыптастыру.

       Ашық сабақ барысында Тәуелсіздікке қол жеткізу тарихы, мемлекеттілікті нығайту жолындағы саяси, экономикалық және мәдени өзгерістер, ұлттық бірлік пен татулықтың рөлі талқыланды. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен әлемдік аренадағы орны туралы маңызды мәліметтер берілді.

       Кураторлық сағат студенттердің ел тарихына деген құрметін арттырып, олардың азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталды. Тәуелсіздік — ұлттың еркіндігі мен болашағының кепілі екенін түсіну маңызды екені атап өтілді.

         Қорытынды: «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбындағы кураторлық сағат студенттерге еліміздің тәуелсіздік тарихын терең түсінуге, оның қадір-қасиетін сезінуге мүмкіндік берді. Іс-шара барысында Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қатысты маңызды деректер қарастырылып, ұлттық бірлік, бейбітшілік және тұрақтылықтың маңызы атап өтілді.

Студенттер еліміздің жетістіктері мен болашаққа бағытталған мақсаттары туралы кеңірек мәлімет алып, өздерінің азаматтық ұстанымын күшейтті. Тәуелсіздік — әрбір қазақстандық үшін ең қастерлі құндылық екені тағы бір мәрте айқындалды.