ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» тақырыбы аясында қонақ дәрісFarabi University

ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» тақырыбы аясында қонақ дәріс

3 желтоқсан, 2025

03.12.2025 жылы ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» тақырыбы аясында қонақ дәрісі өтті. Дәріске медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты хирург, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ хирургиялық аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Пазылов Сабит Бексеитович қатысты.

      Тұрақты даму мақсаты 3 халық денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, бұл – қоғамның тұрақты дамуының негізі.

      Пазылов С.Б.: «Дені саудың – жаны сау» деген қанатты сөзді біз талай рет естідік. Осы қарапайым сөйлемде терең мағына бар, өйткені салауатты өмір салты – адамның өмірінің түрлі салаларының дамуына басты алғышарт.

 

 

Халық денсаулығы – жеке адамның да, тұтас ұлттың да әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық жағдайының негізі. Жастар дені сау болса – болашақ ұрпақ та дені сау болады. Президентіміз өз сөздерінде үнемі атап өтеді: мемлекеттің басым міндеттерінің бірі – ұлт денсаулығын нығайту, спортты насихаттау. Мықты денсаулықты сақтау, толыққанды өмір сүруге ұмтылу – адамдардың маңызды әлеуметтік қажеттілігі. «Тек дені сау ұлт қана биік жетістіктерге жете алады», – дейді еліміздің Президенті.

Сау жастар, сау ұлт – мемлекеттің табысы мен одан әрі гүлденуінің кепілі. Шын мәнінде, Тұрақты даму мақсаттары әрбір адамға қатысты, өйткені олар адам өмірінің барлық саласын қамтиды: тұтынатын тағамнан бастап, демалыс күндері отбасыңызбен серуендейтін саябаққа дейін. Сондықтан осы өзара байланысты түсіну маңызды. Мысалы, кедейлік мәселесін денсаулық сақтау, білім беру, экономикалық өсу, әлеуметтік қорғау және басқа да көптеген салалардағы міндеттерді шешпей тұрып толық жою мүмкін емес.

Салауатты өмір салты әрбір қазақстандық үшін қалыпты нормаға айналуы тиіс, ал біз осыған ұмтыламыз, өйткені жақсы түсінеміз: бүгінгі сау жастар – болашақтағы сау ұлт!

 

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы