«Жасанды интеллект негізіндегі стартаптар: жаңа нарыққа жол ашу»
05.12.2025ж. сағ. 10.00, 310 аудитория. Филология факультетінде қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы оқытушылары: Г.Т.Оспанова; Л.А.Мекебаева; С.К.Кусановтың ұйымдастыруымен №9 тұрақты даму мақсаттарының: индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым бағыты бойынша «Жасанды интеллект негізіндегі стартаптар: жаңа нарыққа жол ашу» атты тақырыпта филология факультетінің 1-курс студенттерімен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға технологияны коммерцияландыру және креативті индустрия орталығы директорының орынбасары Хохлов Азамат Анатольевич; технологияны коммерцияландыру және креативті индустрия орталығының жобалық менеджері Кенжетай Әсел Жанболатқызы қатысты. Әсел Жанболатқызы студенттерге стартап туралы толық мағлұмат беріп, студенттердің ынтасын оятты. Сонымен бірге 2024-2025 оқу жылының стартап жеңімпазы «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті А.Серікбаеваның және жоба жетекшісі PhD, доцент м.а. Г.Т.Оспанованың баяндамалары тыңдалды. Студенттердің сұрақтарына жауап берілді. Студенттер өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-тілектерін айтты. Бұл дөңгелек үстел студенттерге үлкен ой салды. Қызығушылықтарын оятты.
Басқа жаңалықтар