- Басты бет
- Жаңалықтар
- Заң ғылымдарының докторы, профессор Абжанов Көбен Абжанұлының құрметіне арналған «Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының, әлеуметтік әріптестік жүйесінің дамуының мәселелері мен перспективалары: теориялық және тәжірибелік мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Заң ғылымдарының докторы, профессор Абжанов Көбен Абжанұлының құрметіне арналған «Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының, әлеуметтік әріптестік жүйесінің дамуының мәселелері мен перспективалары: теориялық және тәжірибелік мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 5 желтоқсанда сағат 11:00-де заң ғылымдарының докторы, профессор Абжанов Көбен Абжанұлының құрметіне арналған «Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының, әлеуметтік әріптестік жүйесінің дамуының мәселелері мен перспективалары: теориялық және тәжірибелік мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция барысында еңбек құқығы саласындағы заманауи үрдістер, еңбек қатынастарының құқықтық табиғаты, әлеуметтік әріптестік институтын жетілдірудің бағыттары және еңбек заңнамасын реформалаудың өзекті мәселелері терең ғылыми талдаудан өтті. Қатысушылар еңбек қатынастарын тұрақты дамыту, әлеуметтік диалогты күшейту және еңбек дауларын тиімді шешу тетіктерін жетілдіру жөнінде мазмұнды ғылыми ұсыныстар мен практикалық тұжырымдамалар ұсынды.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға отандық және шетелдік ғылыми қауымдастықтардың жетекші өкілдері, еңбек құқығы саласының беделді сарапшылары, профессор-оқытушылар құрамы және магистранттар қатысты. Атап айтқанда, іс-шарада төмендегі белгілі заңгер-ғалымдар мен тәжірибелі мамандар сөз сөйледі:
· Рогов Игорь Иванович — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор;
· Жалаири Өмірәлі Шакарапұлы — заң ғылымдарының докторы, профессор, Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының президенті;
· Нурмагамбетов Аманжол Магзумович — заң ғылымдарының докторы, профессор;
· Жазылбеков Нурлан Абдужапарович — Алматы қалалық адвокаттар алқасының Президиум мүшесі;
· Лютов Никита Леонидович — заң ғылымдарының докторы, Maqsut Narikbayev University Жоғары құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры;
· Савич Максим Вадимович — Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты.
Іс-шара профессор Абжанов Көбен Абжанұлының қайраткерлік жолы, ғылыми мектеп қалыптастырудағы еңбегі және еңбек құқығы ғылымының дамуына қосқан зор үлесін дәріптеуге арналған маңызды академиялық алаң ретінде ерекшеленді. Конференция барысында ғалымның ғылыми еңбектері мен құқықтық ой-пікірлерінің қазіргі еңбек заңнамасының эволюциясына әсері туралы мазмұнды баяндамалар ұсынылды.
Сонымен қатар, қатысушылар еңбек құқығы ғылымының әдіснамалық негіздерін дамыту, халықаралық тәжірибені ұлттық құқықтық жүйемен үйлестіру, еңбек нарығындағы жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге құқықтық жауап беру мәселелерін жан-жақты талқылады. Конференция нәтижесінде еңбек құқығы саласының одан әрі даму перспективаларын айқындайтын ғылыми ұсыныстар қалыптастырылып, зерттеу бағыттарының жаңа көкжиектері айқындалды.