«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты рухани-патриоттық іс-шара
05.12.2025 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, аға оқытушы,PhD., доцент м.а. Мұқан Нұрзат және 4 курс студенттері ХҚФ 327 аудитория сағат 13:00 ұйымдастырған , Тұрақты даму мақсаттары:сапалы білім беру тақырыбы аясындағы «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты рухани-патриоттық іс-шара өтті. Кездесу барысында жастар ел тарихын еске алып, тәуелсіздік жолындағы ерлікті, халқымыздың қайсар рухын терең түсінді. Шара барысында өнерлі студенттер ән, сұрақ -жауап, жыр және шығармашылық көріністер арқылы өз жүректеріндегі Отанға деген махаббат пен патриоттық сезімдерін жеткізді. Сонымен қатар, олар бір-бірімен ой бөлісіп, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін талқылап, ұлттық бірегейлікті дәріптейтін пікірталастарға қатысты. Соңында белсенді қатысқандарға марапаттар табысталды, олардың еңбегі мен патриоттық үлесі жоғары бағаланды!
Басқа жаңалықтар