- Басты бет
- Жаңалықтар
- “Заң мен тәртіп” атты іс-шара Бостандық ауданы полиция қызметкерлерімен кездесу
“Заң мен тәртіп” атты іс-шара Бостандық ауданы полиция қызметкерлерімен кездесу
2025 жылғы 4 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде ТМД 16 – «Бейбітшілік, әділ сот және тиімді институттар» аясында «Заң және тәртіп» тақырыбында «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының (қысқартылған бөлім) студенттері мен топ эдвайзері Аскарова Ж.А.-ның қатысуымен іс-шара өтті.
Кездесуге Бостандық ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қатысып, студенттермен ашық әрі мазмұнды сұхбат жүргізді. Диалог барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әртүрлі өмірлік жағдайларды талқылады. Полиция өкілдері құқықтық мәселелер бойынша кәсіби түсіндірулер беріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.
«Қаржы және есеп» кафедрасы алдағы уақытта да студенттер мен құқық қорғау органдары арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған кездесулерді өткізуді жоспарлап отыр.
Басқа жаңалықтар