Студенттік топтың мәдени серуеніFarabi University

Студенттік топтың мәдени серуені

6 желтоқсан, 2025

Эдвайзер Аскарова Ж.А.-ның тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының (қысқартылған бөлім) студенттерімен бірлесіп ТМД 4 – «Сапалы білім беру» аясында мәдени іс-шараға қатысты.

2025 жылғы 5 желтоқсанда киносеансқа барғаннан кейін студенттер өзара пікір алмасып, фильмнің мазмұнын және көтерілген негізгі идеяларды талқылады. Осындай іс-шаралар оқу жүктемесін азайтуға, шығармашылық ойлауды дамытуға, сондай-ақ командадағы бірлікті нығайтып, ұжымдық ынтымақтастықты қалыптастыруға ықпал етеді.

Кинотеатрға бару барысында қалыптасқан жылы атмосфера, жағымды эмоциялар мен достық қарым-қатынас студенттерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды.

Мұндай мәдени іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, студенттік өмірдің мазмұндылығы мен белсенділігін арттыра түспек.