- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазіргі қазақстандық проза: жетекші тенденциялар, жаңа есімдер, зерттеу перспективалары»
«Қазіргі қазақстандық проза: жетекші тенденциялар, жаңа есімдер, зерттеу перспективалары»
2025 жылдың 23-24 қазанында филология факультетінде «Қазіргі қазақстандық проза: жетекші тенденциялар, жаңа есімдер, зерттеу перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны РУДН (Ресей), МГУ-дің Қазақстан филиалы (Ресей) және Селчук университеті (Түркия) бірлесіп ұйымдастырды.

Конференция модераторлары мен ұйымдастырушылары: А.С. Демченко, Э.Т. Какильбаева; жазушы Ю. Серебрянский; У.М. Бахтикереева, Т.В. Кривощапова, З.С. Оразбекова, М. Омар құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі. Пленарлық отырыста қызықты баяндамалар тыңдалды: Ю. Серебрянский «Қазіргі қазақстандық прозадағы әйелдер үні: Мария Омардың «Румия. Бұрымды тарқату» (Румия. Расплетая косы), Нарайна Сатпаеваның «Мухит идет за светом», Орал Арукенованың «Февраль» романдары», А. Жаксылыков «Умит Тажкен прозасының өзекті мәні мен реалиилері», У. Бахтикереева, О. Валикова «Транслингвалдық (орыс тілді) әдебиеттің тарихы мен теориясы: РУДН ғылыми мектебінің тәжірибесі» және т.б. Гибридті режимде белсенді жұмыс істеген алты секциядағы баяндамалар да өте қызықты өтті. Студенттер, магистранттар мен докторанттарымыздың баяндамалары жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұсынылып, тақырыптарының өзектілігімен ерекшеленгенін атап өткен жөн. Бұл – орыс филологиясы және әдебиеті кафедрасының оқытушылары: А.Ж. Жаксылыковтың, Э.Т. Какильбаеваның, О.К. Абишеваның, Н.К. Сарсекееваның, А.С. Демченконың және т.б. атқарған еңбегінің нәтижесі. Жас оқытушыларымыз Р. Шанаев, А. Ахмет, Э. Сейтқазы, Н. Жеңіс, С. Саяхмет, А. Қасымбекова және тағы басқалар барлық іс-шараларды ұйымдастыру барысында үйлесімді ұжымдық жұмыс үлгісін көрсетті.
Халықаралық және республикалық деңгейдегі конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу және оған біздің студенттердің, магистранттар мен докторанттардың қатысуы ғылыми-әдістемелік тәжірибені қалыптастыруға және оқыту мен білім беру сапасын арттыруға тамаша мүмкіндіктер береді (ТДМ-4).
Орыс филологиясы және әлем әдебиеті
кафедрасының оқытушылары:
А.Б. Тұманова және Жеңіс Н..
Басқа жаңалықтар