«Нашақорлықсыз өмір — мықтылардың таңдауы!»
2025 жылғы 6 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Нашақорлықтың әлеуметтік, экономикалық және отбасыға тигізетін зардаптары» тақырыбында кураторлық тәрбие сағаты өткізілді. Филология факультетінің 3 курс студенттері, 6В02303 - «Шет тілдер филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының студенттері қатысты.

Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының кураторы-эдвайзері Оңғарбаева Меруерт С. видео материалдар дайындады. Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды: нашақорлықтың әлеуметтік салдары; экономикалық салдары; отбасыға әсері; профилактикалық шаралар, оның ішінде әлеуметтік және білім беру жобаларына қатысу.
Таганова Лачын баяндама жасады, ал студенттер Тиркешова Айбиби және Тойлыева Алтынджемал карта-постер дайындады. Студенттер сондай-ақ презентация мен нашақорлықтың зияны және алдын алу шаралары туралы видео дайындады.
Іс-шара ашық диалог атмосферасында өтті. Қатысушылар нашақорлықпен күрес әр адамның жеке жауапкершілігі екенін және жастардың сау қоғам қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы
аға оқытушы Оңғарбаева М.С.
Басқа жаңалықтар