«Егемен елдегі балалар әдебиеті»
Әдебиеттану мамандығының 4-курс студенттері ТДМ 4 "Сапалы білім" аясында пән оқытушылары Ш. Шортанбай, Е. Солтанаевалардың қатысуымен «Егемен елдегі балалар әдебиеті» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ашық пікірталас өткізді. Кездесу барысында студенттер қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы балалар әдебиетінің дамуы, оның жанрлық ерекшеліктері, тәрбиелік мәні, жаңа авторлардың шығармашылығы және ұлттық құндылықтарды бала санасына сіңірудегі рөлі туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шара студенттердің ғылыми-танымдық көзқарасын кеңейтіп, балалар әдебиетін заманауи тұрғыдан талқылауға мүмкіндік берді. Мақсаты – студенттердің ғылыми-әдеби ой-өрісін кеңейту, балалар әдебиетінің қазіргі даму үрдісін талдау, егемендік жағдайында ұлттық тәрбие мен мәдениеттің әдебиет арқылы берілу ерекшеліктерін қарастыру болды. Пікірталас барысында студенттер тәуелсіз Қазақстандағы балалар әдебиетінің өркендеу бағыттарын, оның жанрлық және тақырыптық жаңашылдығын, тәрбиелік және дүниетанымдық потенциалын жан-жақты талқылады. Атап айтар болсақ, П. Дүйсенбин, Т. Жексенбай, Ш.Күмісбайұлы, Ә.Балта, С. Досжан, Е. Жеңісұлы, А. Елгезек, Б.Сарыбай т.б. жазушылардың шығармашылықтары талқыланды. Дөңгелек үстел студенттердің кәсіби қалыптасуына, балалар әдебиетіне қатысты көзқарасын тереңдетуге, заманауи әдеби бағыттарды саралауға ықпал етті.
Ш.А. Шортанбай, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының
аға оқытушысы
Басқа жаңалықтар