Farabi Robotics орталығына ресми сапарFarabi University

Farabi Robotics орталығына ресми сапар

4 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 4 желтоқсанында MECAS жобасының координаторы, Нүкус мемлекеттік техникалық университетінен (Nukus State Technical University) келген Асия Турениязова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Farabi Robotics цифрлық технологиялар және робототехника орталығына ресми сапармен келіп, оның зертханалық және инновациялық инфрақұрылымымен танысты. 

Орталықтағы заманауи роботтар паркін, виртуалды зауыт платформасын, жасанды интеллект және машиналық көру жүйелерін, инженерлік және IT зертханаларын аралап көрді. Орталық 13-тен астам роботтық жүйемен жабдықталған, оның ішінде бионикалық Unitree Go2 Pro роботтары бар.

Сапар барысында Farabi Robotics орталығының MECAS жобасының білім беру компоненттерін дамытудағы рөлі және ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.