1 курс «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттерімен өткен ашық эдвайзерлік сабақ ЦУР 4 – «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылды. Сабақ тренинг пен ойын форматында өткізіліп, студенттердің белсенді қатысуына бағытталды.
Куратор «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбын ашу барысында келесі мәселелерге тоқталды:
-
ұстаз еңбегінің қоғамдағы орны және оның ЦУР 4 аясындағы маңызы;
-
студент пен оқытушы арасындағы өзара сыйластық, мәдениетті қарым-қатынас қалыптастыру;
-
оқытушының негізгі міндеттері мен студенттің жауапкершілігі, тәртіп нормалары;
-
білім алу процесіндегі этикалық қағидалар.
Іс-шарада тренингтер, ситуациялық ойындар және пікірталас ұйымдастырылып, студенттер ұстаз мамандығының құндылығын терең түсінді. Қорытындысында куратор студенттерге білім беру жүйесінде сыйластық пен тәртіпті сақтау – сапалы білімнің негізгі шарты екенін атап өтті.
Басқа жаңалықтар