«ЦУР 4 – Ұстаз – ұлы тұлға»Farabi University

«ЦУР 4 – Ұстаз – ұлы тұлға»

8 желтоқсан, 2025

1 курс «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттерімен өткен ашық эдвайзерлік сабақ ЦУР 4 – «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылды. Сабақ тренинг пен ойын форматында өткізіліп, студенттердің белсенді қатысуына бағытталды.

Куратор «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбын ашу барысында келесі мәселелерге тоқталды:

  • ұстаз еңбегінің қоғамдағы орны және оның ЦУР 4 аясындағы маңызы;

  • студент пен оқытушы арасындағы өзара сыйластық, мәдениетті қарым-қатынас қалыптастыру;

  • оқытушының негізгі міндеттері мен студенттің жауапкершілігі, тәртіп нормалары;

  • білім алу процесіндегі этикалық қағидалар.

Іс-шарада тренингтер, ситуациялық ойындар және пікірталас ұйымдастырылып, студенттер ұстаз мамандығының құндылығын терең түсінді. Қорытындысында куратор студенттерге білім беру жүйесінде сыйластық пен тәртіпті сақтау – сапалы білімнің негізгі шарты екенін атап өтті.